"Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 14/97 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 сәуірде № 5470 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 74/332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 10.08.2020 № 74/332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Солдатова
      Мәслихат хатшысы В. Левченко

  Павлодар аудандық
мәслихатының 2017 жылғы 17
наурыздағы № 14/97 шешімімен
бекітілді

"Павлодар аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру
қағидалары және оның сипаттамасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - Куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - мәслихат аппараты) атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

2-тарау. Куәлік беру тәртібі

      3. Куәлік мәслихат хатшысының қолтаңбасымен "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (бұдан әрі - "Б" корпусының қызметшілері) беріледі.

      4. Куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалғанда, ауыстырған (қайта тағайындаған), алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.

      5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, "Б" корпусының қызметшілері тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті лауазымдық нұсқаулығы бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін Павлодар аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы (бұдан әрі - бас маман) тапсырады.

      6. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында бас маман жүзеге асырылады.

      7. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, бас маман жүргізеді.

      8. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда "Б" корпусының қызметшісі үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде аудандық мәслихат хатшысына хабарлайды.

      9. Куәлікті жоғалтқан тұлға жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

      10. Куәлікті дұрыс сақтаму нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ куәлікті басқа тұлғаларға беру, куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты қызметтік тексеру жүргізеді.

      11. Жоғалған немесе бүлінген куәлікті қалпына келтіреді.

3-тарау. Куәліктің сипаттамасы

      12. Көк түсті теріден жасалған былғары мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және "Куәлік" деген қазақ және орыс тілінде жазбасы болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 6,5x19 сантиметр, ішбеті (форматы 6,2x8,3 сантиметр) бар. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде қазақ және орыс тілдерінде "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, қазақ және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Сол жақ бұрыштың оң жағында 3х4 сантиметр фотосуретке арналған орын бар. Оң жақта диаметрі 1,5 сантиметр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті бар. Сол жақ төмені тарапында мәтін аудандық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады. Оң жақ төменгі тарапында куәліктің қолданыс мерзімі қазақ және орыс тілінде көрсетіледі.

  "Павлодар аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін
беру Қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Павлодар аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін
беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Атқаратын
лауазымы

Куәліктің нөмірі

Берілгенкүні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескерту














































      Ескертпе: Журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

  "Павлодар аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін
беру Қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ұйымның атауы

      АКТІ

      __________________             __________________             №__________

      жасалу орны                         күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларының 7-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты ___________ тізімге сәйкес:

      Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады.

      Лауазымның атауы                  Қолы

      Лауазымның атауы                  Қолы

      Лауазымның атауы                  Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады