Павлодар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 14/97 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 74/332 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 тамызда № 6904 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 14/97 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5470 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Жетписов
      Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады