Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 30/2 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 8/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5366 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 222/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 23.07.2019 № 222/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 30/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4954 болып тіркелді, 2016 жылғы 19 наурызда ауданның № 11 "Аймақ ажары" және "Огни села" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің орынбасары Қ.О. Баймышевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Саламацкий

  Успен ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "20" қаңтардағы
№ 8/1 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге
асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

№ р/с

Атауы

1.

Ауданның жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2.

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тапсырыс берушілерінің бастамасы бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады