Успен аудандық мәслихатының (V сайланған, XXXI кезектен тыс сессия) 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 95/20 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 5636 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының (V сайланған, XXXI кезектен тыс сессия) 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 21 ақпанында № 3706 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы № 9 "Апта айнасы", 2014 жылғы 28 ақпандағы № 9 "Сельские будни" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы З. Айбасов
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

  Успен аудандық мәслихатының
2017 жылғы 21 қыркүйектегі
(VI сайланған, XX кезектен тыс
сессиясы) № 95/20 шешіміне
қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидалары

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген саннаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      7) өмірлік қиын жағдай – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Успен аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);

      10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғауы туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіпте көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мерекелік күндердің тізбесі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      2) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;

      3) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.

      6. Павлодар облысының ЖАО бекітілген, қағидалар негізінде учаскелік және арнайы комиссиялар өзінің қызметін іске асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:

      қорғанысқа қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi, қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;

      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

      басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар;

      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар деп мыналар танылады:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;

      Чернобыль атом электростанциясы апатының салдарынан мүгедек болған тұлғалар;

      Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, атап айтқанда:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендарымен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, 1988 - 1989 жылдарындағы Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;

      5) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және қайсар еңбегі мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендарымен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;

      6) зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерін алатын немесе зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар, атап айтқанда:

      80 жастағы және жасы үлкен зейнеткерлер;

      7) мүгедектер, оның ішінде:

      жалғызбастылар мен жалғыз тұратын 3 топтағы мүгедектер;

      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      1, 2 топтағы мүгедектер;

      кәмелетке толмаған, балалары бар мүгедектер;

      3 топ мүгедектері;

      8) атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алатын және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алатындар санынан кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, аз қамтамасыз етілген, көп балалы аналар;

      9) аз қамтамасыз етілген отбасының студенттері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;

      10) аз қамтамасыз етілген азаматтар, оның ішінде:

      уәкілетті органда есепте тұрған, облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын орташа табысы бар жұмыссыз азаматтар;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;

      өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар, атап айтқанда 1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат, өрт немесе табиғи апат;

      азық-түлік себетінен төмен кірістері бар, аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

      он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;

      жан басына шаққанда кірісі облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шаманың көлемінен аспайтын, қолдан қоректендірілетін 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылар;

      жан басына шаққанда кірісі облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шаманың көлемінен аспайтын, жүктілік мерзімі 12 аптаға дейінгі жүкті әйелдер;

      11) әлеуметтік маңызды ауруы бар азаматтар,оның ішінде:

      онкологиялық ауруға шалдыққан тұлғалар;

      туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар;

      иммундық тапшылығы вирусына шалдыққан тұлғалар.

      8. Уәкілетті орган табысты есепке алмай көмек көрсетеді:

      1) атаулы және мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қарсы:

      7 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      7 тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарында, 3) тармақшасының екінші абзацында, 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      7 тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацында (тек қана Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға), 3) тармақшасының бірінші абзацында (тек қана Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға), 4) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      7 тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацында, 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Халықаралық әйелдер күніне орай:

      7 тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Халықаралық қарттар күніне орай:

      7 тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:

      7 тармақтың 7) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      7 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, жазылушылардың таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тіліндегі мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға 3 айлық есептік көрсеткіштер (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде - тұрғын үйді жөндеуге, нақты шығындар бойынша, бірақ 300000 теңгеден аспайтын - қызмет көрсету жұмысын орындау туралы шарт көшірмесінің қосымшасымен бірге өтініш негізінде, тісті протездеуге, нақты шығындар бойынша, бірақ 21500 теңгеден аспайтын – тісті протездеу қажеттілігі туралы медициналық мекеменің анықтамалары, өтініш негізінде;

      7 тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 5 АЕК мөлшерде (сауықтыруға) - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің, мүгедектігі туралы анықтаманың, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмелері, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      7 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, қатты отын сатып алуға 5,2 АЕК мөлшерде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізім негізінде;

      7 тармақтың 11) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 10 АЕК мөлшерде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, сырқатын растайтын анықтамалар, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      7 тармақтың11) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 7 АЕК мөлшерде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген Павлодар облысы туберкулезге қарсы күрес диспансері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Успен ауданының туберкулезге қарсы кабинеті (одан әрі - тубкабинет) беретін тізім негізінде;

      7 тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 7 АЕК мөлшерде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының филиалдарымен ұсынылатын тізім негізінде;

      7 тармақтың 7) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін – 17619 (он жеті мың алты жүз он тоғыз) теңге мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізім негізінде;

      7 тармақтың 10) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін – 35238 (отыз бес мың екі жүз отыз сегіз) теңге мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті органмен ұсынылатын тізім негізінде;

      7 тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін (өрт немесе апат кезінде) әлеуметтік көмек мөлшері 60 АЕК –ке дейін (арнайы комиссия шешімі бойынша);

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      тұрғын үй–коммуналдық қызметтерін өтеуге (тұрғын үй–коммуналдық көмекті алатындардан басқа), 7 тармақтың 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында, 3) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында, 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін, 3,6 АЕК мөлшерде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      7 тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін, тұрғын үй–коммуналдық қызметтерін өтеу үшін (тұрғын үй–коммуналдық көмекті алатындардан басқа) 2 АЕК мөлшерде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      7 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, 2 АЕК мөлшерде - облыстық орталыққа дейін және кері қайту жолақысына әлеуметтік көмек, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      4) айсайынғы әлеуметтік көмек:

      7 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, 1 АЕК мөлшерде - дәрі–дәрмектер сатып алуға әлеуметтік көмек, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      тұрғын үй–коммуналдық қызметтерін өтеуге, 7 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, 5 АЕК мөлшерде, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      7 тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 7 АЕК мөлшерде – емханада емделу кезінде тамақтануға, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген тубкабинеттің тізімі негізінде;

      жол шығынның орнын толтыруға:

      7 тармақтың 11) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, "Павлодар облыстық онкологиялық диспансер" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына және тұрақты тұратын жеріне қайту жол билеттерінің нақты бағасы мөлшерінде, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің көшірмесі, онколог дәрігермен берілетін емделу, тексеру немесе консультациядан өту туралы көшірменің немесе анықтаманың көшірмесі, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, белгіленген жеріне бару және тұрақты тұратын жеріне қайту үшін автокөлік немесе темір жол көлігіне пайдаланылған жол жүру билеттері;

      7 тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, жол жүру билеттерінің нақты бағасы мөлшерінде материалдық көмек, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің, жеке кәулігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, баланың тууы туралы куәлігі көшірмелері, емделуге немесе тексерілуге берілген жолдама.

      9. Уәкілетті орган табысын есепке алып, келесі көмек көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      7 тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, жан басына шаққандағы орташа табысы, облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен 1,5 есе мөлшерде аспайтын (1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат) - 15 АЕК мөлшерге дейінгі әлеуметтік көмек (арнайы комиссия шешімі бойынша);

      7 тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 5 АЕК мөлшерде әлеуметтік көмек - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің, жеке кәулігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмелері, босатылғаны туралы анықтама;

      7 тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, (облыс әкімі грантының иегерлері болып табылатындарға), оқудың нақты бағасы мөлшерінде жоғары оқу орнындағы оқуын төлеуге әлеуметтік көмек, өтініш және қала (аудан) әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;

      7 тармақтың 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, жеке ауласын дамытуға 150000 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің көшірмелері, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, кірістері туралы мәлімет, отбасының тұрғын үй–тұрмыстық жағдайының тексеру актісі (арнайы комиссия шешімі бойынша);

      сегізінші абзацтағы 7 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, әлеуметтік көмек 5 АЕК мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жүктілігін растайтын анықтама, кірістері туралы мәліметтер, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      7 тармақтың 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, қатты отын алуға әлеуметтік көмек 14 АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, кірістер туралы мәліметтер, отбасының тұрғын үй–тұрмыстық жағдайының тексеру актісі;

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      7 тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, жоғары оқу орнында оқу кезеңі кезінде тұруға, тамақтануға және тұрғын жеріне дейінгі жолақысына 15235 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек, өтініш және қала (аудан) әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;

      7 тармақтың 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, кәсіптік оқудан өту мерзіміне 5 АЕК мөлшерде әлеуметтік көмек – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке кәулігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, оқу кезеңін растайтын құжат, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, кірістері туралы мәлімет;

      жетінші абзацтағы 7 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, әлеуметтік көмек 5 АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген әлеуметтік көмек тағайындау туралы ата-анасының біреуінің өтініші негізінде, баланың қолдан қоректендіру қажеттілігін растайтын анықтама, баланың тууы туралы куәлігі, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, селолық (ауылдық) округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты ұсынады.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, селолық (ауылдық) округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, селолық (ауылдық) округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, селолық (ауылдық) округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, селолық (ауылдық) округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның, оның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтатужәне қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек берудің мониторингі мен есепке алынуын уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі дерекқорын пайдалану арқылы жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады