Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы "Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 319/10 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 306/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қазанда № 5631 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы "Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 319/10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4810 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 10 желтоқсанда аудандық № 49 "Маралды" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады