Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 103/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 5737 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 37/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 08.11.2023 № 37/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 23.06.2022 № 109/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдар округі ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) пайыз мөлшерде бекітілсін.

      3. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 156/48 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4072 тіркелген, 2014 жылғы 16 қазандағы аудандық "Маралды" газетінде, 2014 жылғы 16 қазандағы аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Лямцев
      Ауданды мәслихат хатшысы С. Шпехт

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2017
жылғы 7 желтоқсандағы
№ 103/31 шешімімен
бекітілген

Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жана редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 23.06.2022 № 109/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 23.06.2022 № 109/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады