Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Шарбақты аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 228/64 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 117/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 5797 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛАДЫ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Шарбақты аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 228/64 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4723 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазандағы аудандық "Маралды", "Трибуна" газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен киін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады