Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы әкімінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 мамырда № 5509 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шарбақты ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында келесі көшелер қайта аталсын:

      50 КазССР көшесін - Мәншүк Мәметова көшесі;

      Восходная көшесін - Баян батыр көшесі;

      521 км көшесін - Бірлік көшесі;

      Советов көшесін - Тәуелсіздік көшесі;

      3 сентября көшесін - Наурызбай батыр көшесі;

      Вокзальная көшесін - Шоқан Уалиханов көшесі;

      Садовая көшесін - Қанаш Қамзин көшесі;

      Ленин көшесін - Малайсары Тархан көшесі;

      Западная көшесін - Қаныш Сәтбаев көшесі;

      Автомобилистов көшесін - Жамбыл Жабаев көшесі;

      3 микрорайон көшесін - Степан Токарев көшесі;

      Южная көшесін - Иван Ворушин көшесі;

      25 лет Октября көшесін - Талғат Бигелдинов көшесі;

      Школьный переулок көшесін - Достық көшесі;

      Химиков көшесін - Абылай хан көшесі;

      Промышленная көшесін - Қабанбай батыр көшесі;

      Орджоникидзе көшесін - Владимир Поляков көшесі;

      Мир көшесін - Бөгенбай батыр көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Ауыл әкімі Қ. Мүскенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады