Ескерту. Күші жойылды - VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІI сессиясының 06.10.2017 № 159 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, тарифтердің қолжетімді деңгейін, қалалық және қала маңы қатынастарында халықтың еркін жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, VІ сайланған Aлматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында субсидиялауға жататын әлеуметтiк маңызы бар автомобиль қатынастарының 2017-2019 жылдарға арналған тізбесі айқындалсын.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегітұрақты комиссиясының төрайымы Р. Бадаеваға және Алматы қаласыәкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін (келісім бойынша).
4. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VI сайланған Алматы қаласы | |
мәслихатының ХVI сессиясының | |
төрағасы | Ш. Умаров |
VI сайланған Алматы қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Қазанбаев |
VI cайланған Алматы қаласы мәслихатының XVI сессиясының 2017 жылғы 24 мамыр № 102 шешіміне қосымша |
Алматы қаласында субсидиялауға жататын әлеуметтiк маңызы бар
автомобиль қатынастарының 2017-2019 жылдарға арналған тізбесі
№ р/е | Маршрут атауы (маршрут нөмірі) | Маршрут түрі (атауы) | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне сәйкес 1 жолаушыға анықталған тариф | 1 жолаушыға ұсынылатын немесе қолданыстағы тариф | Нақты және ұсынылатын тарифтер айырмашылығы | Әлеуметтік мәні бар қатынастарды 3 жылға болжамдалатын жылдарға бөлінген субсидиялау көлемі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
2017 | 2018 | 2019 | жиыны | ||||||
1 | Қарағайлы – Барыс (№14) | Қалалық | 140,70 | 80 | 61 | 73 113 150 | 73 113 150 | 73 113 150 | 219 339 450 |
2 | Алатау совхозы - Алтын орда (№15) | Қалалық | 152,18 | 80 | 72 | 86 940 810 | 86 940 810 | 86 940 810 | 260 822 430 |
3 | Станиславский - Көктөбе (№21) | Қалалық | 200,96 | 80 | 121 | 22 075 200 | 22 075 200 | 22 075 200 | 66 225 600 |
4 | Таужолы кенті - Барлық базары (№26) | Қалалық | 133,77 | 80 | 54 | 22 766 218 | 22 766 218 | 22 766 218 | 68 298 654 |
5 | Орбита 2-4 - ГЭС 2 (№28) | Қалалық | 522,10 | 80 | 442 | 64 546 600 | 64 546 600 | 64 546 600 | 193 639 800 |
6 | Әл-Фараби даңғылы – Ремизовка саяжайлары (№68) | Қалалық | 260,56 | 80 | 181 | 44 485 470 | 44 485 470 | 44 485 470 | 133 456 410 |
7 | Мост автостанциясы – Юбилейный кенті (№107) | Қалалық | 401,27 | 80 | 321 | 31 426 631 | 31 426 631 | 31 426 631 | 94 279 893 |
8 | Алма-Арасан – № 190 мектеп (№108) | Қалалық | 593,28 | 80 | 513 | 20 579 962 | 20 579 962 | 20 579 962 | 61 739 886 |
9 | Қалдаяқов Жібек жолы - Көктөбе (№111) | Қалалық | 189,34 | 80 | 109 | 29 931 825 | 29 931 825 | 29 931 825 | 89 795 475 |
10 | Сұлусай - Жібек жолы (№101) | Қалалық | 370,41 | 80 | 290 | 42 934 293 | 42 934 293 | 42 934 293 | 128 802 879 |
11 | Көкжиек шағынауданы – Жұбанов көшесі (№125) | Қалалық | 372,79 | 80 | 293 | 144 272 273 | 144 272 273 | 144 272 273 | 432 816 819 |
12 | Мақатаев – Гончаров (№40) | Қалалық | 335,88 | 80 | 256 | 60 707 530 | 60 707 530 | 60 707 530 | 182 122 590 |