"Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 135 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 4160 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 226 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 27.10.2021 № 226 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына ("Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 сәуір жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3675 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қағидалардың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өндіріс қалдықтары – шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;

      2) тұтыну қалдықтары – өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды тұтыну немесе пайдалану процесінде түзілген қалдықтар, сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар (өнім);

      3) тұрмыстық қатты қалдықтар – қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады