Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 226 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25012 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 27 қазандағы
  № 226 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3675 болып тіркелген).

      2. "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4160 болып тіркелген).

      3. "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 294 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5643 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады