Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 27.10.2021 № 226 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабы 17-3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысымен бекітілген |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 05.04.2017 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалары Солтүстік Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген) және Солтүстік Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өндіріс қалдықтары – шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;
2) тұтыну қалдықтары – өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды тұтыну немесе пайдалану процесінде түзілген қалдықтар, сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар (өнім);
3) тұрмыстық қатты қалдықтар – қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 05.04.2017 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары жатады.
2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін бөлек (жеке) белгіленеді.
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша айқындалады.
6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен айқындалады. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеуді өз құзыреті шегінде аудан және Петропавл қаласы жергілікті атқарушы органдарының тиісті бөлімдері жүзеге асырады.
7. Заттай өлшеу жүргізу үшін абаттандыру деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар абаттандырылған тұрғын үйлер;
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ абаттандырылмаған тұрғын үйлер.
8. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғындардың мына саны бар учаскелер бөлінеді, 300 (үш жүз) мың адамға дейін тұрғыны бар қалаларда абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санынан 2 (екі) % халықты қамтитын учаскелер іріктеледі.
9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің тиісті бөлімдері коммуналдық қалдықтарды жинау мен тасып әкетуді жүзеге асыратын ұйыммен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы қолданылады.
11. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.
12. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
13. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
14. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазбалар бланкісіне жазылады.
15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектіден алынған деректер (массасы, көлемі) апта күндері бойынша жинақталады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуының жиынтық айлық (маусымдық) тізімдемесіне енгізіледі.
16. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (массасы, көлемі) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуының жиынтық жылдық тізімдемесіне енгізіледі.
17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
18. Коммуналдық қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде сыйымдылығы бірдей стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
19. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу жүргізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
20. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 12.11.2019 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік |
1 | 2 | 3 |
1. | Абаттандырылған және абаттандырылмаған үйлер | 1 тұрғын |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын |
4. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер |
6. | Емханалар | 1 келіп кету |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңының 1 шаршы метрі |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 шаршы метрі |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңының 1 шаршы метрі |
17. | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
18. | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
19. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
20. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
21. | Жағажайлар | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
22. | Дәріханалар | сауда алаңының 1 шаршы метрі |
23. | Автотұрақтар, автокөлікті жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын |
24. | Автокөлік шеберханалары | 1 жұмысшы |
25. | Гараж кооперативтері | 1 гаражға |
26. | Шаштараздар, сұлулық салондары | 1 жұмыс орны |
27. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
28. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
29. | Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны |
30. | Моншалар, сауналар | жалпы алаңының 1 шаршы метрі |
31. | Қаланың аумағында бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушылар |
32. | Бағбандық кооперативтері | 1 учаске |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 2-қосымша |
Нысан
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Қала ___________________________________________________________________________
1. Мекенжайы ___________________________________________________________________
2. Қабаттылығы _________________________________________________________________
3. Үйдің нөмірі __________________________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ____________________________________________
5. Абаттандыру деңгейі:
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ____________________________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ___________________________________
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр көмір), ағаш отын, газ________________________
г) қоқыс құбырының болуы _______________________________________________________
д) аула аумағының алаңы, шаршы метр _____________________________________________ оның ішінде:
жасыл екпелер бар _______________________________________________________________
жабыны қатты ___________________________________________________________________ оның ішінде тротуарлар ___________________________________________________________
6. Контейнерлердің түрлері, олардың саны және сыйымдылығы _________________________
7. Қоқысты шығару кезеңділігі _____________________________________________________
8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) _________________________________________________________________________
Қолдары:
Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы
Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Қала ___________________________________________________________________________
1. Объектінің атауы ______________________________________________________________
2. Мекенжайы ___________________________________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ________________________________________________________________________________
4. Орындар саны (қызметкерлер және тағы басқалары) ________________________________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті:
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орындар саны) _____________________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағамдар саны) _____________________________
6. Қызмет көрсететін қызметкерлердің саны, адам ____________________________________
7. Үй-жайлардың жалпы алаңы, шаршы метр_________________________________________ оның ішінде:
сауда алаңы _____________________________________________________________________ қоймалық және қосалқы алаң ______________________________________________________
8. Аула аумағының алаңы, шаршы метр _____________________________________________ оның ішінде:
жасыл екпелер бар________________________________________________________________ жабыны қатты ___________________________________________________________________
9. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы ___________________________
10. Қалдықтарды шығару мерзімділігі _______________________________________________
11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша)__________________________________________________________________________
Қолдары:
Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 3-қосымша |
Нысан
Бастапқы жазбалар бланкісі
_________________
(күні)
_______________________________________________ объектісі бойынша
(атауы, мекенжайы)
Контейнер № | Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, h, метр | Контейнер негізінің алаңы, S, шаршы метр | Контейнердегі қалдықтардың көлемі, h·S, текше метр | Қалдықтар тиелген контейнердің (қоқыс тасығыштың) массасы, mз, килограмм | Бос контейнердің (қоқыс тасығыштың) массасы, mп, килограмм |
Контейнердегі қалдықтардың массасы, |
1 | ||||||
2 | ||||||
… | ||||||
Тәулік ішіндегі жиыны | Vтәу | mтәу |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 4-қосымша |
Нысан
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) тізімдемесі
20 __ жылғы "__" бастап "__" ___________ дейінгі кезең
Абаттандыру түрі _________________________________________
Апта күндері | Объек-тінің атауы | Объек-тінің қызмет түрі | Есептік бірлік-тер саны | Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы | Орташа тығыздығы, килограмм/ текше метр | Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде) | ||||
жалпы | 1 есептік бірлікке | |||||||||
кило-грамм | тек-ше метр | кило-грамм | тек-ше метр | кило-грамм | текше метр | |||||
Дүйсенбі | ||||||||||
Сейсенбі | ||||||||||
Сәрсенбі | ||||||||||
Бейсенбі | ||||||||||
Жұма | ||||||||||
Сенбі | ||||||||||
Жексенбі | ||||||||||
Барлығы: | ||||||||||
Тәулігіне орташа |
Қолдары:
Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 5-қосымша |
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық тізімдемесі
Абаттандыру түрі _________________________________________________
Объект | Ай | Өлше-нетін бірліктің саны | Қалдықтардың жиналуы | Біртекті емес коэффициенті | Бөлек жинау, килограмм | |||||||
жалпы | өлшенетін 1 бірлікке | жалпы | өлшенетін 1 бірлікке | |||||||||
текше метр | килограмм | текше метр | килограмм | текше метр | килограмм | текше метр | килограмм | текше метр | килограмм | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Барлығы:
Тәулігіне орташа:
Қолдары:
Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 6-қосымша |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу төмендегідей жүргізіледі:
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт, текше метр):
Vконт=h*S
мұндағы h - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, метр;
S - контейнер түбінің алаңы, шаршы метр;
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, текше метр), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:
Vтәу=Vконт 1+Vконт 2+Vконт 3….
мұндағы Vтәу, Vконт 1, Vконт 2, Vконт 3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемдері. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (m конт., килограмм) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mконт =m3- mп
мұндағы mз - қалдықтар тиелген контейнердің массасы, килограмм;
mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, килограмм;
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу, килограмм) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mтәу = mконт 1+mконт 2+mконт 3…
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.
Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, текше метр) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, килограмм) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7
мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтм, текше метр):
Vтм = Vмаус / (n х a)
массасы бойынша (mтм, килограмм):
mтм = mмаус / (n х a)
мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;
a - есептік бірліктің саны;
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтм, текше метр):
Vтож= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n
массасы бойынша (mтм, килограмм):
mтм= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n,
мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" - қыста - "қ", көктемде - "к", жазда - "ж", күзде - "кү" - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
9) объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vж, текше метр)
Vж = Vтож х nк,
массасы бойынша (mж, килограмм):
mж = mтож х nк,
мұндағы nк - жылдағы күннің саны.
2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, килограмм/текше метр) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
gор =m/V,
мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
kбе = Vом/Vж
массасы бойынша:
kбе = mом/mж
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
kмбе = Vmaxтәу./Vом
мұндағы Vmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, текше метр.
массасы бойынша:
kмбе = mmaxтәу./mом
мұндағы mmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, килограмм.
3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормалары есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.