"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3964 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 желтоқсанда "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған шешіммен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына:
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
1) есепке алу торабы – жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін құралдар мен құрылғылар жүйесі;
2) жылу тұтынатын қондырғы – жылу энергиясын қабылдауға және пайдалануға арналған техникалық құрылғы;
3) жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу жеткізгіштің термодинамикалық параметрлері (температура, қысым) өзгеретін жылу жеткізгіш беретін энергия;
4) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
5) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
6) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
7) кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
8) қызметті берушi - электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін заңды тұлға;
9) теңгерімдік тиесілік – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға немесе тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде жабдықтың және (немесе) жылу желісінің тиесілігі;
10) теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы жылу желісінің теңгерімдік тиесілігі бойынша анықталатын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін белгілейтін жылу желісін бөлу нүктесі;
11) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
12) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
13) энергиямен жабдықтау - тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, суды жеткiзу және сату;
14) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.
15) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.";
6-тармағы орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын. Мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"6. Начало отопительного сезона определяется ежегодным решением местных исполнительных органов районов области и города Петропавловска при среднесуточной температуре наружного воздуха +10 0С в течение 3-5 дней.";
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"11. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені ұйымдарымен олардың ведомстволық қатыстылығы мен меншік формасына қарамастан жылыту маусымына дайындық және оны өткізу жауапкершілігі қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, сонымен қатар энергия өндіруші, энергия беруші және су шаруашылығы ұйымдарына жүктеледі.";
18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"18. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттеріндегі жұмыстарды аяқтау мерзімі:
1) ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін, күзгі кезеңдегі жылу беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті;
2) ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін, қысқы ең жоғарғы жүктеменің өту кезеңінде жылу беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті.
Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші электр-, сукоммуникацияларын жөндеу және алдын-ала қарау жұмыстарын 25 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.";
19-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"19. Жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге қажетті жылу желілеріндегі ағымдағы, күрделі жөндеу және қайта құру, іске қосу бойынша ғимараттар мен ішкіүйлік жүйелердегі жұмыстарды аяқтау мерзімі ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін.";
29-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"29. Жылыту маусымына тұтынушылардың инженерлiк желiлерiн және жабдықтарын дайындау бойынша ұйымдастыру іс-шараларына мыналар жатады:
1) инженерлiк желiлер мен жабдықтарды пайдалануға жауапты тұлғаны тағайындау;
2) техникалық құжаттаманы дайындау;
3) бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есепке алу құралдарын олар болған жағдайда, тексеруді өткiзу;
4) жертөле және шатыр жайларының шегінде барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларын жылумен оқшаулауды орындау;
5) кiреберiстер мен жертөлелердiң сыртқы есiктерiн жөндеу;
6) шатырлар мен жертөлелердiң терезелерiн жабу;
7) баспалдақ алаңдарындағы терезелердің қос әйнегін қалпына келтiру;
8) баспалдақ алаңдарын жылытуды қалпына келтiру және іске қосу;
9) жылыту пунктiнiң бөлмесін жөндеу: ақтау, сырлау, қажеттi жарықтандыруды және берiк бекiтiлуiн қамтамасыз ету;
10) жылумен жабдықтау жүйелеріне орнатылған барлық тиектi, реттеушi арматураларын тексеру және жөндеу;
11) техникалық термометрлердi тексеру, кейiннен техникалық майды құя отырып, гильзаларды тазарту;
12) жылыту маусымы аяқталған соң сумен шаю;
13) пломбыланған, тексерiлген монометрлердi орнату;
14) жылуды тұтынушы желiлерінiң барлық элементтерiнің механикалық беріктiгiн және гидравликалық тығыздығын сынау;
15) ғимараттардың (үйлердiң) электр сымдарының оқшаулау кедергісін тексеру.";
31-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"31. Дайындық жұмыстары орындалғаннан кейін жылу тұтыну жүйелерін қабылдауды энергия беруші ұйым жүзеге асырады және техникалық дайындық актісімен рәсімделеді.
Энергия беруші ұйым шаю, қысыммен тексеру және жөндеу актісін берген кезде көппәтерлі тұрғын үй қорын тұтынушыларға техникалық дайындық актісін береді.".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихаттың | |
ХVІ сессиясының төрағасы | А. Молдағұлов |
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | В. Бубенко |