Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 89 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 мамырда № 4179 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 263 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 27.10.2017 № 263 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққайың аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе отырып осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес шарт негізінде үй-жай ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың аудан әкімі
Д. Байтөлешов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың аудандық сайлау
комиссияның төрайымы
О. Плищенко
      2017 жылғы 10 сәуірдегі

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі №89 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

№ р/с

Ауылдық округ атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

1

Смирново ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы аумақта орналасқан ақпараттық стенд

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі №89 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін ұсынылған үй-жай

№ р/с

Ауылдық округ атауы

Кездесулер өткізу орны

1

Смирново ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады