"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 27-бабының 3-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 89 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 11 мамырда № 4179 тіркелді, 2017 жылғы 17 мамырда электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды);
2) "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылы 25 мамырдағы № 139 қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2017 жылғы 06 маусымда № 4231 тiркелді, 2017 жылғы 08 маусымда электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.