Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 139 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 4214 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 263 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 27.10.2017 № 263 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққайың аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кандидаттары үшін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кандидаттарына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жай ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Байтөлешов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың аудандық
сайлау комиссиясының
төрайымы
О. Плищенко
      2017 жылғы 25 мамыр

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 139 қаулысына 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

р/с

Ауылдық округ атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

1

Смирново ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы аумақта орналасқан ақпараттық стенд

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 139 қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін ұсынылған үй-жай

р/с №

Ауылдық округ атауы

Кездесулер өткізу орны

1

Смирново ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады