Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 99 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 4212 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 21.02.2018 № 13 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 21.02.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1-қосымшаға сәйкес Ақжар аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықталсын.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жай шарттық негізде ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппарат басшысы С.Ж. Бейсембаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының әкімі
С.Тұралинов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақжар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
М.Шапенов
      2017 жыл 30 мамыр

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 99 қаулысына 1- қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

1.

Талшық ауылы

"Ақжар аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан ақпараттық стенд, Ломоносов көшесі, №1 (келісім бойынша)

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 99 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жай

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай

1.

Талшық ауылы

"Орталық аудандық кітапхана" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің, оқу залы. Ломоносов көшесі № 1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады