"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 279 қауылысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 39 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда N 3180 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 189 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 26.10.2017 № 189 қаулысымен (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 279 қауылысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 25 тамызда № 2918 тіркелген, 2014 жылғы 29 тамыздағы №34 "Ақжар-хабар" және №34 "Дала Дидары" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Тұралинов

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 39 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 279 қаулысымен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Бала бақша мен мектепке дейінгі мекемелердің атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны

Айына жан басына шыққандағы қаржыландыру көлемі, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері теңге

1

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорны "Балдырған" балалар бөбек бақшасы

125 (жергілікті бюджет)

22 481

3 жасқа дейін 5000 теңге
3 жастан 5500 теңге

2

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорны "Еркетай" балалар бөбек бақшасы

125 (жергілікті бюджет)

22 854

3 жасқа дейін 5000 теңге
3 жастан 5500 теңге

3

Мектепке дейінгі шағын орталықтар

554 (жергілікті бюджет)

4932

3500 теңге


Барлығы

804

11669


4

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорны "Айгөлек" балалар бөбек бақшасы

90 (республикалық бюджет)

20 449

3 жасқа дейін 5000 теңге
3 жастан 5500 теңге

5

Бестерек орта мектебінің шағын орталығының ішіндегі қосымша топ

38 (республикалық бюджет)

5230

3 500 тенге


Барлығы

128

16203



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады