Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін үй-жайларды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 165 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 4209 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 23.02.2018 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес үй-жай шарт негізінде ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Белгібайұлы Кенжебековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Дудов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның сайлау
комиссиясының төрағасы
Н. Барақаев
      2017 жылғы 25 мамыр

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 165 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

р/с

Ауылдық округ атауы

Сайлау алдындағы насихаттың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін конструкцияның орны және мекенжайы

1.

Новоишим ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылының Мәдениет үйі ғимаратына іргелес аумақта орналасқан ақпараттық стенд

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 165 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін шарт негізінде ұсынылған үй-жай

р/с

Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы

Таңдауышыларымен кездесу үшін үй-жай

1.

Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы

Новоишим ауылы: Мәдениет үйі, Абылай хан көшесі, 19


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады