Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 59 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 наурызда № 4589 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 3-тармағына, 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін үй-жайларды ұсыну туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 25 мамырдағы № 165 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4209 болып тіркелді, 2017 жылғы 09 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды);

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайларды ұсыну туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 04 шілдедегі № 202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4263 болып тіркелді, 2017 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімі аппаратының басшысы Асхат Белгібайұлы Кенжебековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданының әкімі Б. Жұмабеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданының сайлау
      комиссиясының төрағасы Н. Барақаев
      2018 жылғы 23 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады