Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 23.02.2018 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес үй-жай шарт негізінде ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Белгібайұлы Кенжебековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 04 шілдедегі № 202 қаулысына 1-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру орны
Ауылдық округ атауы | Сайлау алдындағы насихаттың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін конструкцияның орны және мекенжайы | |
1 | Новоишим ауылдық округі | Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылының Мәдениет үйі ғимаратына іргелес аумақта орналасқан ақпараттық стенд |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 04 шілдедегі № 202 қаулысына 2-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін шарт негізінде ұсынылған үй-жай
р/с | Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы |
Таңдауышыларымен кездесу |
1. |
Новоишим ауылдық округі, | Новоишим ауылы: Мәдениет үйі, Абылай-хан көшесі, 19 |