2017 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 03 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 4028 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7, 8 тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына және Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, 2017 жылға Қызылжар ауданының ұйымдардағы қызметшілердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, 2017 жылға Қызылжар ауданының ұйымдардағы қызметшілердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Т. Есжанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 қаңтар № 03 қаулысына 1-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота үлесі
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
"Петерфельд-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
1%
1

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 қаңтар № 03 қаулысына 2-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота үлесі
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
"Большемалышенское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
70
1%
1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады