"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 15/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 4226 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 72/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мəслихатының 10.06.2020 № 72/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімге қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы Д. Прелгаускас
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданы
      мәслихатының хатшысы Р. Нұрмұқанова

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 15/6 шешімімен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібі мен оның сипаттамасын айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі (бұдан әрі – Аппарат) әкімшілік мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы шешіммен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

      4. Тиісті рәсімдеусіз, қолдану мерзімінің уақыты өткен, кірлеген және өшірілген қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

      Қызметтік куәлік Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат хатшысының өкілеттілік мерзімі аяқталғанша қолданылады.

      6. Қызметтік куәлік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі.

      Қызметшілер қызметтік куәлікті алу барысында осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      7. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы Аппараттың кадр қызметінің сейфінде сақталады.

      8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген, қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде, қызметтік куәлікті беруге жауапты, кадр қызметінің қызметкері бұрын берілген қызметтік куәлікті қайтарып алады.

3. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

      9. Қызметтік куәліктің мұқабасы көлемі 19 х 7 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде), күрең көк түсті жасанды былғарыдан тұрады.

      10. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген жазу жазылған.

      11. Куәліктің сол және оң ішкі жағында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазулар, одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, коммунальное государственное учреждение "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области" деген жазулар орналастырылған.

      12. Оң жағында: көлемі 3х4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), жанында қызметтік куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады, аудандық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

      13. Сол жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу, жанында қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады. Одан төмен куәліктің берілген күні мен әрекет ету мерзімі көрсетіледі.

4. Қорытынды ережелер

      14. Куәліктерді беру мен қайтып алуды есепке алу нөмірленіп, тігілген куәліктерді беру және қайтаруды тіркеу журналында жүзеге асырылады.

      15. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі сол сәттен кешіктірмей жазбаша (ерікті) түрде кадр қызметіне хабарлайды.

      Жоғалған қызметтік куәлік иесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оның жарамсыздығы туралы жариялайды, ол туралы қадр қызметіне хабарлайды.

      16. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа тұлғаларға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметі қызметтік тексеру туралы өкім шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      17. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін кадр қызметі береді.

      18. Лауазымнан босатылған, жұмыстан кеткен, орын ауыстырған (қайта тағайындалған) жағдайда қызметшілер, сәйкес өкім шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде куәлікті оны алған орнына тапсырады.

      19. Қызметтік куәліктерді есептен шығару және жоюды жауапты қызметкермен, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша куәлікті есептен шығару және жою актісін жасаумен жылына бір рет жүргізеді.

      20. Жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша кадр қызметі сәйкес қызметтік куәліктердің олардың есептік деректермен салыстыру жүргізеді.

      21. Қызметтік куәліктерді толтыру, рәсімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.

      22. Қызметшіні жұмыстан босатқан кезде қызметтік куәлік кадр қызметіне тапсырылады. Куәлікті тапсырған кезде тапсыру парағына қызметтік куәлікті беруге жауапты тұлғаның қолы қойылады.

  "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасына 1 қосымша

      Нысан

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Лауазымы

Беру күні

Алғаны туралы қызметшінің өзінің қолы

Қызметтік куәлікті ауыстырғаны және тапсырғаны туралы белгі (тағайындау, лауазымының өзгеруі, мерзімі өтуі, жұмыстар босатылуы, жоғалтуы)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе




























      Ескертпе: "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналы тігіледі, нөмірленеді және қадр қызметшінің қолы қойылып, елтаңбалы мөр қойылып расталады.

  "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасына 2 қосымша

      Нысан

      Ұйымның атауы

АКТІ

       ___________________________ № __________ _________________________
жасалу орны күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларының 19-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан қызметтік куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты, тізімге сәйкес:

      Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасадық.

      Лауазымның атауы Қолы

      Лауазымның атауы       Қолы

      Лауазымның атауы Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады