2018 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 4437 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу Қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. 2018 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуі және медициналық куәландырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.К.Рамазановаға жүктелсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының әкімі
Е. Бекшенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2017 жылғы 08 желтоқсан
А.Хорошенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады