"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" 2017 жылғы 10 қазандағы №559 Жарлығы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 тамыздағы №277 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2017 жылғы 05 қыркүйекте №4302 тiркелді, 2017 жылғы 13 қыркүйекте электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тайынша ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Н.Трифонов |