Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 123 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 маусымда № 4220 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 282 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 11.11.2021 № 282 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тимирязев аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес шартты негізде үй-жай ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы В.Б. Ищановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Базарханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
Ж. Мәкенова
      2017 жылғы 06 маусым

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 маусым № 123 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

р/с №

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

1

Тимирязев ауылы,
Жеңіс көшесі, 11

Аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 маусым № 123 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық үміткерлердің таңдаушылармен кездесулер өткізуі үшін үй-жай

р/с №

Елді мекеннің атауы

Кездесу өткізу үшін үй-жай

1

Тимирязев ауылы,
Жеңіс көшесі, 11

Аудандық Мәдениет үйі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады