"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 123 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4220 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тимирязев ауданының әкімі | Н. Кенесов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Тимирязев аудандық
сайлау комиссиясы