Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 50/3 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3768 болып тіркелді, 2016 жылғы 3 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
ХІІІ сессиясының төрағасы | И. Аллахяров |
Аудандық мәслихаттың | |
Хатшысы | С. Мұстафин |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Әкімі | Қ. Ақсақалов |
2017 жылғы 21 маусым |