Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынанықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 175 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 4213 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 153 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 11.07.2019 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1-қосымшаға сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықталсын.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жай шарттық негізде ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппарат басшысы З.К.Мұсабаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов аудан әкімі
М.Оспанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Уәлиханов аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
Б.С. Хасенеев
      2017 жыл "30" 06

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 175 қаулысына 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімідігінің 11.01.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 80

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Уәлиханов ауданының бөлімі ғимаратының орталық кіреберіс жанындағы орналасқан ақпараттық стенд

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 175 қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жай

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімідігінің 11.01.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді-мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай

1

Кішкенекөл ауылы, Гагарина көшесі, 79

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады