Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 153 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 5473 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 13.10.2022 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 13.10.2022 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 13.10.2022 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Уәлиханов аудандық

      Сайлау комиссиясының

      Төрағасы

      _______________ Б. Хасенеев

      2019 жыл "__"_____________

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__"______ №__ қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 13.10.2022 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Ақтүйесай ауылдық округі

 
1

Ақтуйесай ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында, М. Жұмабаев көшесі, 20

Жеке кәсіпкер "Сыздықов" дүкені ғимаратының оң жағында, Мусипов көшесі, 16/2

 
2

Қондыбай ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық клубы ғимаратының оң жағында, Ленин көшесі, 14

Амангелді ауылдық округі

 
3

Тілеусай ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында, Ы. Алтынсарин көшесі, 5

 
4

Амангелді ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында, Школьная көшесі, 1

Ақбұлақ ауылдық округі

 
5

Ақбұлақ ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында, Абай көшесі, 11

"Қызылту Су Арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су тарату пункті ғимаратының сол жағында, Б. Момышұлы көшесі, 20

 
6

Қарашілік ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық клубы ғимаратының сол жағында, Мир көшесі, 9

 
7

Жас Ұлан ауылы

"Қызылту Су Арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су тарату пункті ғимаратының сол жағында, М. Жұмабаев көшесі, 8

Бидайық ауылдық округі

 
8

Бидайық ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің демалыс орталығы ғимаратының оң жағында, М. Жапаров көшесі, 34

 
9

Өндіріс ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық клубының ғимаратына қарама-қарсы, Жүнісов көшесі, 1

 
10

Жамбыл ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің демалыс орталығы ғимаратына қарама-қарсы, Школьная көшесі, 18А

Қайрат ауылдық округі

 
11

Қайрат ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Уәлиханов ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қайрат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы, Бөгенбай батыр көшесі, 16

 
12

Жасқайрат ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің демалыс орталығының ғимаратына қарама-қарсы, А. Иманов көшесі

Қарасу ауылдық округі

 
13

Аққұдық ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы, Мир көшесі, 23

 
14

Золотая Нива ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Уәлиханов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Золотая Нива ауылындағы медициналық пункт ғимаратының оң жағында, Абай көшесі, 14/2

Қаратерек ауылдық округі

 
15

Қаратерек ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында, Торговая көшесі, 8

Кішкенекөл ауылдық округі

 
16

Кішкенекөл ауылы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі Уәлиханов ауданының бөлім ғимаратына қарама-қарсы, Ш. Уәлиханов көшесі, 80

Көктерек ауылдық округі

 
17

Мортық ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында, Интернациональная көшесі, 19

 
18

Көктерек ауылы

Жеке кәсіпкер "Қажкенов" дүкені ғимаратының оң жағында, Северная көшесі 2, 2/1

Қулыкөл ауылдық округі

 
19

Қулыкөл ауылы

"Хамзин" жеке кәсіпкер дүкені ғимаратының оң жағында, Құрманғазы көшесі, 3

 
20

Қаратал ауылы

"Қызылту Су Арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су тарату пункті ғимаратының сол жағында, С. Сейфулин көшесі, 26

 
21

Береке ауылы

"Серғазин" жеке кәсіпкер дүкені ғимаратының оң жағында, Кәрімжан көшесі, 3

Телжан ауылдық округі

 
22

Телжан ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Тельжан ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің демалыс орталығы ғимаратына қарама-қарсы, Гагарин көшесі, 8

"Лохан" жеке кәсіпкер дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы, Гагарин көшесі, 3

 
23

Көбенсай ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Тельжан ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің демалыс орталығының ғимаратына қарама-қарсы, Спортивная көшесі, 4

Жеке кәсіпкер "Таңаталов" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы, Озерная көшесі, 3

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__"______ №__ қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағындағы кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар

      Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 13.10.2022 № 225 (алғашқы ресми жарияланғанкүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__"______ №__ қаулысына 3 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына шығып қалған депутаттардың орындарына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі №302 қаулысы (2013 жылғы 20 қыркүйектегі аудандық газеттерде "Кызыл Ту", "Нұрлы Ел" жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2374 болып тіркелген).

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайларды ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы №23 қаулысы (2016 жылғы 4 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3628 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №175 қаулысы (2017 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4213 болып тіркелген).

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы №46 қаулысы (2018 жылғы 10 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4615 болып тіркелген).

      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №175 "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қантардағы №5 қаулысы (2019 жылғы 22 қантардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5201 болып тіркелген).

      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі өткізу үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі №112 қаулысы (2019 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5389 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады