Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №175 "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 5 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қаңтарда № 5201 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 153 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 11.07.2019 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №175 "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4213 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізіледі:

      жоғарыда көрсетілген қаулысының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Уәлиханов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмiнің
міндетін атқарушы
Т. Сагитов

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__"______ №__ қаулысына 1 қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 175 қаулысына 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 80

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Уәлиханов ауданының бөлімі ғимаратының орталық кіреберіс жанындағы орналасқан ақпараттық стенд

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__"______ №__ қаулысына 2 қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 175 қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жай

Елді-мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай

1

Кішкенекөл ауылы, Гагарина көшесі, 79

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады