Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 62 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 мамырда № 3854 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 06-17/11 ұсынысына сәйкес, облыс аумағын, өсімдік және өсімдік текті өнімдерін карантиндік нысандардың таралуынан қорғауды қамтамасыз ету, карантиндік нысандардың таралу ошақтарын дер кезінде анықтау, оқшаулау және толық жою мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "25" сәуірдегі № 62 қаулысына қосымша

Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймағы белгіленген әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесі

      У кекіреге (қызғылт) карантин


р/с

Аудан атауы

Ауылдық округ атауы

Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың атауы, жер санаттары

Залалданған алаң, га

1

Махамбет ауданы

Бақсай

Мемлекеттік қордағы жерлер (жайылымдар)

200

Жиынтығы



200

2

Қызылқоға ауданы

Жанкелді

Мемлекеттік қордағы жерлер (жайылымдар)

14

Жиынтығы



14


Барлығы облыс бойынша



214

      Шөптесін өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін арамсояуларға карантин


р/с

Облыстық маңызы бар қала, аудандар атауы

Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер атауы

Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың атауы, жер санаттары

Залалданған алаң, га

1

Құрманғазы ауданы

Нұржау

Мемлекеттік қордағы жерлер (ауылдық округ)

20

Киров

Мемлекеттік қордағы жерлер (ауылдық округ)

20

Бірлік

Мемлекеттік қордағы жерлер (ауылдық округ)

30

Орлы

Мемлекеттік қордағы жерлер (ауылдық округ)

20


Барлығы облыс бойынша



90

      Қауын шыбынға карантин


р/с

Облыстық маңызы бар қала атауы

ауылдық округ атауы

Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың атауы, жер санаттары

Залалданған алаң, га

1

Атырау қаласы

Кеңөзек

"Алғабас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2


Барлығы облыс бойынша



2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады