Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 130 "Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 120 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырында № 3872 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 130 "Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3221 болып тіркелген, 2015 жылы 13 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

       2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

       3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады