"Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 130 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 маусымда № 3221 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 23.05.2017 № 120 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы Жарлығына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
       Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 273 "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысы 2-тармағының және Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 161 "Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 273 "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
Ғ.И. Дүйсембаев

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 130 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 130 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағында кәсіпкерлікті, өнеркәсіп салаларын, салалық ғылымды, қызмет көрсету саласын, сауданы және туризмді дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттіктер салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77. Индексі 060010.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Басқарманың миссиясы: облыс аумағында кәсіпкерлікті, өнеркәсіп салаларын, салалық ғылымды, қызмет көрсету саласын, сауданы және туризмді дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік, салалық және орта мерзімді даму жоспарларын іске асыруға қатысу;
      2) Атырау облысының өңірлік әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
      3) өңірлік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттен тыс қаражат тарту;
      4) кәсіпкерліктің, өнеркәсіптің және қызмет көрсету саласының, сауданың, туризмнің, сыртқы экономикалық байланыстардың жай-күйін талдау және дамуын болжау;
      5) шаруашылық жүргізуші субъектілермен өзара неғұрлым тиімді іс-қимыл жасау мақсатында басқару жүйесін жетілдіру;
      6) бөлшек тауар айналымының көлемін жүйелі талдау;
      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ретінде бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдалануын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуіне мониторинг және бақылауды жүзеге асырады.
      15. Функциялары:
      1) кәсіпкерліктің, өнеркәсіп салаларының, салалық ғылымның, қызмет көрсету саласының сауда мен туризмнің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;
      2) облыстың өнімділігін ұтымды пайдалану мақсатында өнеркәсіп, кәсіпкерлік салаларының, қызмет көрсету саласының сауда мен туризмнің даму стратегиясын қалыптастыруға, басым салаларды анықтауға және оларды қолдауға қатысу;
      3) өнеркәсіптің басым салаларын қолдауға бағытталған кәсіпкерліктің, ғылымның, қызмет көрсету саласының сауда мен туризмнің өңірлік индустриялық және инвестициялық саясатын қалыптастыруға қатысу;
      4) өнеркәсіп ұйымдарында, кәсіпкерлік құрылымдарында жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді енгізуге және дамытуға жәрдемдесу;
      5) облыс өнеркәсібіне жаңа технологияларды және Мекеме тәжірибесін тартуға жәрдемдесу;
      6) озық ғылыми әзірлемелерді пайдалануды және жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін инновациялық құрылымдарды құруға жәрдемдесу;
      7) облыс экономикасының басқа салаларының мұқтаждары үшін жаңа өнім түрлерін игеру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, облысішілік және өңіраралық байланыстар мен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу;
      8) жарғылық міндеттерін іске асыруға қолдау көрсету мақсатында Атырау облыстық Сауда - өнеркәсіптік палатасы, "Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы" және "Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы" қоғамдық бірлестігімен өзара іс-қимыл жасау;
      9) Атырау облыстық әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия шешімдерін дайындауға және орындауға қатысу;
      10) өнеркәсіп ұйымдарына импорт алмастыру және экспортқа өнім шығаратын бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
      11) Атырау облысының халықаралық тұсаукесер қызметіне қатысу;
      12) ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, конкурстарды, халықаралық тұсаукесерлерді, бизнес-кездесулерді, экономикалық миссияларды дайындауға және өткізуге қатысу;
      13) Атырау облысы әкімдігінің бірыңғай өңірлік тұжырымдамасын және көрме қызметі жоспарын әзірлеуге қатысу;
      14) тапсырысшылар мен жеткізушілердің ақпараттық өзара іс -қимылын ұйымдастыру, тауар өндірушілерге және кәсіпкерлерге арналған ақпараттық жинақтар шығарып, тарату;
      15) өңірлік және республикалық конкурстар шеңберінде шығаратын өнім сапасын арттыруда және үздік тауарлар, қызметтер мен озық технологияларды анықтауда тауар өндірушілерге жәрдемдесу;
      16) халық кәсіпшілігі және қолөнерін дамытуға жәрдемдесу;
      17) өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарын қайта құрылымдау мен реформалауды ұйымдастыру және консультациялық қолдау жөніндегі шараларды іске асыру, жетекшілік ететін салалардағы реформалау тәжірибесін қорыту;
      18) бағдарламалар мен жобаларды орындау үшін бюджеттен тыс материалдық ресурстарды тартуға қатысу;
      19) экономика салаларындағы басқару кадрларын даярлау және қайта даярлауға жәрдемдесу;
      20) инновациялық әлеуеті бар ғылыми әзірлемелерді іске асыруға жәрдемдесу;
      21) облыстың зияткерлік және ғылыми-техникалық әлеуетінің тиімді пайдаланылуын арттыру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті ынталандыру жөніндегі құқықтық және ұйымдық-экономикалық ортаны қалыптастыруға қатысу;
      22) ішкі тұтыну нарығын қалыптастыруға және тауарлар мен қызметтермен қанықтыруға ықпал ету;
      23) өңіраралық байланыстардың тиімді құрылымын қалыптастыруға қатысу;
      24) туризм және сауда саласында өңірлік саясатты қалыптастыруға қатысу;
      25) өңірлік шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      26) технопарктер, лизингілік орталықтар, шағын инновациялық қызмет орталықтары желісін және шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі іс-шаралар әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
      27) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ғимараттарды, құрылыстарды, өндірістік орын жайларды және коммуналдық меншіктегі өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдау мен дамыту жөніндегі шараларды қабылдау;
      28) сауда мәселелерінде шаруашылық жүргізуші субьектілерге, кәсіпкерлерге, жеке тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсетуге жәрдемдесу;
      29) тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бөлігінде облыстың ірі өнеркәсіптік жобаларында қазақстандық үлесті арттыруға жәрдемдесу;
      30) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
      31) Басқармада гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;
      32) Мемлекеттік мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыру, өз құзыретi шегiнде тиiстi салада мемлекеттiк мүлiктi басқару аясындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, бекіту;
      33) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Басқарма қарамағындағы ұйымдар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындау;
      34) Басқарма қарамағындағы ұйымдар қызметiнiң нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметтi жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйым түрiн (шаруашылық жүргiзу құқығындағы немесе қазыналық кәсiпорын) айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      35) Басқарма қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарларын және оларды орындау жөнiндегi есептерiн қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келiседі және бекiтеді;
      36) Басқарма қарамағындағы ұйымдар мүлкiнiң сақталуын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      37) Басқарма қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру;
      38) Басқармаға, Басқарма қарамағындағы ұйымдарға берiлген немесе ол өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде сатып алған мүлiктi алып қоюға немесе қайта бөлуге келiсiмiн беру;
      39) Басқарма қарамағындағы ұйымдарды басқаруды жүзеге асыру;
      40) Басқарма қарамағындағы ұйымдардың жылдық қаржылық есептiлiгiн бекiту;
      41) Басқарма қарамағындағы ұйымдардың жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекiту;
      42) 42) Басқарма қарамағындағы ұйымдардың филиалдар мен өкiлдiктер құруына келiсiм беру;
      43) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тиісті байқау кеңесінің құрамына өз өкілін тағайындау;
      44) Басқарманың өкілін мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз ету немесе қабылдау;
      45) мәліметтерді, оның ішінде өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің қатысушысы ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындау;
      46) туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      47) гидті (гид – аудармашы) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
      48) туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді;
      49) туристік қызметті жүзеге асыратын адамдардың және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімдерін жүргізеді;
      50) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
      51) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде және облыс әкімдігі жүктеген өзге де функцияларды өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      52) Басқарма қарамағындағы ұйымдарға "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заныңда және басқа нормативті-құқықтық актілерде көрсетілген тиісті саладағы уәкілетті органға белгіленген функцияларды атқарады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Атырау облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мекемелермен және ұйымдармен өз кұзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар мен кеңестер өткізу;
      3) белгіленген тәртіппен облыстың атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан Басқарманың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;
      4) белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарына Басқарманың қызметі туралы ақпарат беру;
      6) қажет болған жағдайда ведомствоаралық комиссиялар, кеңестер мен сарапшылар топтарын құру;
      7) белгіленген тәртіппен облыс әкіміне Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын енгізу;
      8) Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінде облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыс әкімдігінің мүддесін білдіру;
      9) өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
      10) облыс әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп беру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      17. Басқармаға басшылық жасауды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Басқарма бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Басқарма бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Басқарма қызметіне дара басшылық негізінде басшылық етеді;
      2) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      4) Басқарманың бөлімдері басшыларының ұсынысы бойынша лауазымдық нұсқаулықтарға және осы Ережеге сәйкес мекеме қызметкерлерінің арасында міндеттер бөлуді жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен қарым-қатынасында мекеменің мүддесін білдіреді, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады және қоғамдық бірлестіктермен келісім рәсімдерін жүргізуді ұйымдастырады;
      6) өз құзыреті шегінде мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар мен тапсырмалар береді;
      7) Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелерінің істер номенклатурасын бекітеді;
      8) Басқарма жұмысының негізгі бағыттары бойынша жоспарлар мен іс-шараларды бекітеді;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және оларды көтермелейді;
      10) белгіленген қызметкерлер саны лимиті мен еңбекақы төлеу қоры шегінде Басқарманың штат кестесін бекітеді;
      11) Басқарманың ережесін облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      12) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. "Атырау Innovations" ЖШС

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады