Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 206 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 3825 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Қайыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Бесікті ауылындағы:
      № 6 көшеге "Сәния Бәрменованың" есімі берілсін.
      2. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы-2 ауылындағы:
      1) № 10 көшеге "Жолдығали Досқалиевтің" есімі;
      2) № 15 көшеге "Жарылғап Сахауовтың" есімі берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қайыршақты ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Жайбосыновқа жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Ш. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады