Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 334 бірлескен қаулысы және Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 13-7 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қыркүйекте № 3951 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Құлсары қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының "Аэропорт" ықшам ауданындағы жаңа көшелеріне:

      1) № 164, 166, 199, 242, 244, 248, 250, 252, 252б, 253б, 254, 254б, 255б, 256, 257, 259, 259б, 261, 263, 265, 267, 269, 271, 273, 275, 277, 279, 281, 283, 285, 287, 288, 290, 292, 294, 296, 298, 300, 302, 304, 306, 308, 310, 312, 314, 316, 318, 320, 322, 324, 326, 328, 330, 333, 335, 337, 339, 341, 343, 345, 347, 349, 414, 414а, 415, 415а үйлер аралығындағы көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Жүніс Жарылғасовтың есімі берілсін;

      2) № 94, 96, 98, 100, 102, 104, 106, 108, 110, 112, 114, 116, 118, 120, 122, 124, 126, 128, 130, 132, 134, 136, 137, 138а, 138б, 141, 145, 145а, 147, 149, 150, 153, 155, 157, 159, 161, 163, 165, 167, 169, 171, 173, 173а, 175, 177, 179, 179а үйлер аралығындағы көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Тобылғы Нұрғазиевтың есімі берілсін.

      2. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының "Думан" ықшам ауданындағы көшеге - Төлесін Әлиевтің есімі және "Самал" ықшам ауданындағы көшеге - Сабыр Шариповтың есімі берілсін.

      3. "Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ш.Кейкин) және "Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Жалелов) осы бірлескен қаулы және шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары (Н.Өмірбаев) және аудандық мәслихаттың экология, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Майлыбаев) жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой ауданы әкімі А. Құттұмұрат-ұлы
      Жылыой аудандық
      мәслихатының
      XIII сессиясының төрағасы С. Балжігітов
      Жылыой аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады