Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің 28.07.2017 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 67 ұсынысы негізінде Қара Арна ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылында пастереллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жылыой аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (К. Утегенов), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (Д. Жарилгасова) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.