"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 63-баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 192 "Махамбет аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2891 болып тіркелген, 2014 жылғы 01 мамырдағы "Жайық шұғыласы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (И. Даулетов).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті 15 -сессиясының төрағасы |
А. Қабенов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Мырзашев |