Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 26.01.2018 № 210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8, 13 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Махамбет ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіп кешені және кәсіпкерлікті дамыту, экология, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Құрманбаев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 17-сессиясының төрағасы |
А. Құрманбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | М.Мырзашев |
Махамбет аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 180 шешімімен бекітілген | |
Махамбет аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 180 шешіміне қосымша |
Махамбет ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған ЖОСПАРЫ
Кіріспе
Махамбет ауданында, жалпы еліміздегі сияқты бүгінге дейін ауылшаруашылығы саласындағы жер қатынастары, негізінен Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен "Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі туралы" Заңымен реттелген болатын. Енді, биылдан бастап жайылымдық алқапты пайдалану құқықтық қатынастары "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңмен (бұдан әрі - Заң) басқарылып, ұйымдастырылатын болады. Заңда, еліміздегі жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды реттеуде, жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші ұйымдардың жұмысты ұйымдастыру, басқару, жоспарлау жүйесіне қатысты іс-шаралар айқындалған. Жұмысты жүйелі түрде жүргізуге нормалар белгіленіп, нақтыланған.
Махамбет ауданы көлемі 961,718 гектар жерді құрайды, оның 803,176 гектары жайылым алқабы болып есептеледі. Бүгінде осы жайылымдық жерлердің 600,0 мың гектары ғана қолданыста, 73,0 пайызы түрлі себептермен пайдаланылмағандықтан босалқы жерлер санатында.
Қазірде аудандағы 24 елді-мекен, оның ішінде 10 ауылдық округ, мал шаруашылығымен айналасатын 6 - жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 714 - шаруа қожалықтары жұмыс жасайды және 3088 отбасы төрт түлік мал ұстап, өнімдерін өз игіліктеріне жаратып отыр. Оларда 40 011 қой мен ешкі, 14 082 мүйізді ірі қара, 4 488 жылқы, 2 664 түйе малы бар. Осы малдың 60 пайызға жуығы ауыл маңындағы жайылымда бағылуда. Әр мал басына белгіленген норматив бойынша пайдаланып отырылған жайылым көлемін есептесек, онда малды бір жерге қайталап жая берген болып саналады. Бұл шөптердің сиреуіне және мал тұяқтарымен жердің беткі қабаттарының бұзылуына, яғни жерді эрозияға ұшыратады. Мұндай "тұяқкесті", яғни тапталған жайылымдар ауданда жүздеген гектарды алып жатыр. Әсіресе, жайылымдардың тарлығынан эрозияға ұшырап шаңы шыққан, тақыр жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.
Осы жоспардың негізгі мақсаты, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бүлдірмеу үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығы негізінде аудан көлеміндегі жайылымдарды түгелдей, мал түріне қарай бекітілген нормаға сәйкес пайдалануға талдау жасап, ауданда жаңа Заңдағы қойылған талаптарға сәйкес, жайылымдарды қалпына келтіру, түбегейлі жақсарту, сақтау, тың жерлерді игеру, ұтымды пайдалану жұмыстарын жургізу. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне және пайдалану кезеңдеріне қарай, ауылдық округтердегі тұрғындардың малдарын маусымдық және шалғай жайылымдарға біріктіріп, топтастырып шығарып жаюды ұйымдастыру, жайылымдарды тиімді пайдаланудың, малдың жағдайын табудың, жайылым эрозиясын болдырмаудың негізгі жолы. Заң еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымдарын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға, олардың қоршаған орта экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағыттайды.Сондай –ақ, экологиялық таза мал өнімдерін арттыру мәселелерін қарастырады.
1. Аудандағы жер санаттары және олардың көлемі
Аудан шөл- шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы ащы, ылғалы аз, жері сорлы. Өсетін шөптер негізінен жусан, жусан-бүйіргенді, сұр-жусанды және жусан тұқымдастар, ащы жерлерге көкпек, ебелек, бұйырғын, адыраспан өссе, құмды жерлерге қияқ, еркек, қияқ боз, селеу,тағы басқа шөптер өседі. Кей жылдары, көктем ылғалды, жылы болғанда сәуірдің ортасынан бастап эфемерлер (мортық, қоңырбас, сіңбірік, мысық құйрық) сияқты шөптер өсе бастайды. Бұл шөптер бір, бір жарым айларда қурай бастайды. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты.
№ | Жер санаттарының атауы | көлемі, мың гектар | оның ішінде | |
жайылым | суландырылғаны | |||
1 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | 208,000 | 135,136 | 131,705 |
2 | Елді мекендердің жерлері | 94,122 | 90,208 | 19,300 |
3 | Өнеркәсіп,көлік,байланыс,қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылықтық емес жерлер | 9,331 | 2,800 | 2,519 |
4 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлер | 57,595 | 9,700 | - |
5 | Орман қорының жерлері | 12,264 | 2,400 | 2,358 |
6 | Су қорының жерлері | 3,868 | - | - |
7 | Босалқы жерлер | 545,794 | 485,900 | 330,800 |
Барлығы | 930,800 | 777,567 | 526,031 |
Кесте де көрсетілгендей, аудан территориясы табиғи географиялық орналасуына байланысты жеті жер санатына бөлінген. Бұл санатардағы жерлер өз мақсаттарына сәйкес па йдалануда.
Ал, аудан жайылымдарына жалпы, сипаттама жасайтын болсақ, олардың өнімділігі тұрақты емес, жауын-қардың аз-көптігіне қарап, әр жылдарда өзгеріп отырады. Шөбінің өнімділігі, жылдан ауа райының жағдайына қарай, гектарына 1-3 центнер болады. Жайылым шөбінің аздығы және маусымдап пайдаланылатын жайылымдардың бытыраңқылығынан, малды алыстағы көктемгі, жазғы және күзгі-қысқы жайылымдарға жаюды керек етеді. Кей жылдары қыстың жұмсақтығына қарай, шаруашылық құрылымдардың малдары көбінесе жайылымда болады.
Аудан жері көлемінің 84 пайызы жайылымдық жер (жалғанды 1 қосымша). Бүгінде соның 40 пайызы ғана қолданыста немесе 313,293 мың гектары ғана игерілген. Егерде, осы қолданыстағы жайылымды пайдалануды талдайтын болсақ, оның 139,4 мың гектары 749 шаруа қожалықтарында, 54,673 мың гектарын мемлекеттік емес ауылшаруашылығы құрылымдары иемденіп отыр. Ауданда біршама жалға алынған жайылымдар пайдаланбай,малдарын елді мекендер маңындағы жерлерде ұстауда.
Елді мекендердің жерлері санатына қарасты 90208 гектар жайылым алқабының 19285 гектары ғана суландырылған, яғни бұл жер өз мақсатында толық пайдаланылмай отыр. Ал, босалқы жердегі 488837 гектар жайылымның 321630 гектары немесе 65 пайызы ғана суландырылған. Орман қоры жерінде 3,4 мыңдай гектар жайылым алқабы бар. Міне, осы жерлерді де қолданыстағы жер пайдалану заңдылықтарына сәйкестендіріп, мал азығы қажеттілігіне игеру жолдарын ойластыру қажет.
Ауданда табиғи жайылымдарының маусымдық сипаты анық байқалады. Олардың климат жағдайына байланысты, орташа алғанда, 15 миллион центнер жем-шөптік бірлікке тең қоры бар, соның ішінде жазғы маусым үлесі 20-25 пайызы, көктемгі-күзгі маусым үлесі 45-50 пайызы және қысқы маусым үлесі 25-30 пайызы келеді. Қазірде бұрынғы кеншарлардың малдары жайылған жайылым учаскелерінің едәуір бөлігі түрлі себептермен толық пайдаланылмайды. Елді мекенді жерлердегі тұрғындардың қолында біршама малы бар. Жеке меншік иелері, кейбір шаруа қожалықтары малдарын шалғай, құнарлы жайылымдарға шығаруға, жайылым ауыстырып отыруға көңіл бөлмейді. Қысы жазы бір орында отырудың әсерінен, жер тозып, мал азықтық өсімдіктердің түрі азайып, жайылымдар шаруашылық айналымынан шығып, эрозияға ұшырауда.
2. Аудан көлеміндегі жайылымдарды тиімді пайдалану
Ауданда 24 елді-мекен, оның ішінде 10 ауылдық округ орналасқан. Негізінде, ауылдық округтерде төрт түлік малдың басым көпшілігі ауылда қолда ұсталып, жылына алты-жеті ай бойы ауыл манында жайылады, яғни мал ауылдан 2-3 километрден қашыққа ұзамайды. Қазірде бұл жерлердің басым бөлігі іс жүзінде бүлінген, әрі тозған. Себебі, халықтың жеке ауласындағы мыңнан астам малы мен алыс жайылымға көшпейтін шаруа қожалықтарының малдары осы жерде ұсталады, тиісінше бұл аймақтағы малдың тығыздығы қолданыстағы шектеулі мөлшерден (нормативтен) бірнеше есе жоғары.
Аудан көлеміндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы
№ | Ауылдық округтер, елді-мекендер | Жер көлемі,гектар | Оның ішінде | ||
жайылым | пайдаланыста | пайызы | |||
1 | Алға ауылдық округі | 4785 | 3957 | 3957 | 100 |
2 | Алмалы ауылдық округі | 699 | 579 | 579 | 100 |
3 | Ақжайық ауылдық округі | 9961 | 9656 | 9656 | 100 |
4 | Еңбекшіл елді-мекені | 653 | 632 | 632 | 100 |
5 | Жалғансай ауылдық округі | 1650 | 1479 | 1479 | 100 |
6 | Есбол ауылдық округі | 7349 | 7278 | 7278 | 100 |
7 | Көздіқара елді-мекені | 6821 | 6769 | 6769 | 100 |
8 | Махамбет ауылдық округі | 4126 | 3453 | 3453 | 100 |
9 | Озек-Туман елді-мекені | 11257 | 11180 | 11180 | 100 |
10 | Ортақшыл елді-мекені | 12272 | 12087 | 12087 | 100 |
11 | Береке елді-мекені | 367 | 333 | 333 | 100 |
12 | Талдыкөл елді-мекені | 644 | 560 | 560 | 100 |
13 | Сарайшық ауылдық округі | 3159 | 2963 | 2963 | 100 |
14 | Сарытоғай елді-мекені | 731 | 614 | 614 | 100 |
15 | Аққайың елді-мекені | 162 | 133 | 133 | 100 |
16 | Бақсай ауылдық округі | 15523 | 14979 | 14979 | 100 |
17 | Бейбарыс ауылдық округі | 1766 | 1576 | 1576 | 100 |
18 | Есмахан елді-мекені | 2543 | 2512 | 2512 | 100 |
19 | Ақтоғай елді-мекені | 7915 | 7768 | 7768 | 100 |
20 | Балаораз елді-мекені | 579 | 566 | 566 | 100 |
21 | Кеңөріс елді-мекені | 580 | 567 | 567 | 100 |
22 | Атамбаев елді-мекені | 580 | 567 | 567 | 100 |
23 | Ескі Сарайшық елді-мекені | ||||
24 | Қызыл-Жар елді-мекені | ||||
Барлығы | 94122 | 90208 | 90208 | 100 |
Кестеде көрсетілгендей, іс жүзінде қолда бар 802293 гектар жайылымдық алқаптың 40 пайызы, немесе 313,293 мың гектары мал жаюға қолданылып отыр. Бұл жерлердің көбі ауыл маңына жақын орналасқан, ал кейбір жайылымдық жерлер белгісіз себептермен тиімсіз пайдаланылуда.
Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезінде ауылдан шалғай жатқан бұрынғы совхоздардың жайылымдары бос қалды, олардың орнында қалғаны жауапкершілігі шектеулі серіктестікке өндірістік кооперативтерге өтіп кетсе немесе қыстақтарында отырып қалған, немесе шаруа қожалығын құрған малшылар есепсіз алып алған болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, кейбір ауылдық округтерде жайылым жетіспеушілігінің күрделеніп бара жатқандығы байқалады. Ал аудан бойынша жоғарыда айтылғандай, жайылымның жартысынан көбі пайдаланылмай жатыр.
Қазіргі уақытта, ауыл аумағындағы жайылымды пайдалану тәртібінің сақталмауынан және малды шамадан тыс көп шығаруынан, күтілмеуінен, мал азықтық өсімдіктер қоры жылдан-жылға азая беруде. Мұның салдарынан, ондай жайылымдарды мал жемейтін шөптер есекмия, итсигек, адыраспан, шоғайна сияқты тағы басқа ірі сабақты өсімдіктер басып барады.
Сондықтан, қаріргі кезенде малы көп ауылдық округтерге малдарын бағу үшін суаратын суы бар шалғай жайылымдарда бағуды және оны 2 учаскеге бөліп ұйымдастыру қажет деп жоспарлап отырмыз. Оларды кезектестіріп пайдалану, яғни ауыстырып пайдалану (1 учаске-бірінші жылдың алғашқы жаю кезеңінде, 2 учаске-жаю кезеңінің ортасынан аяғына дейін пайдаланылады) өсімдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым ғана жайылым айналымы жеке меншік иелерінің өрістерін жаңарту қажет екендігіне көздерін жеткізіп, жерді одан әрі маусымдық пайдалануға жол ашады деген ойдамыз.
Жалпы, ғылыми тұрғыда негізделген тәжірибеде жайылымдардың өнімділігін ұзақ жылдар сақтау үшін жайылым пайдаланушылар үш негізгі талапты ескеру қажет:
1. Жайылым учаскеде малдың мөлшерлі санын сақтау;
2. Жайылымды пайдаланып болғаннан кейін жалпы өнімнің 30-40 пайызы сақталуы тиіс.
Жайылымда мал жайылып болғаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 4-5 сантиметр болуы қажет. Себебі, аласа өсімдіктің мал түгелге жуық жапырағын жеп қояды да, қысқа қарай олардың қоректік заттар қоры аз қалады.Кейде қыста үсіп кетеді, ал аман қалғандары көктемде қайта көктегенмен оттық сапасы нашар болады;
3. Мал жаю мерзімін қатаң сақтау. Мал жаюды көктемде, шамамен, көп жылдық шөптер бой көтеріп, олардың көбі түктену (астық тұқымдастар), енді біреулері бұтақтану (жартылай бұталар) кезеңіне жеткен соң 10-12 күннен кейін бастау керек.
Осы ережелерді сақтамау жайылым өнімінің келер жылы күрт төмендеуіне әкеп соғады. Дегенмен де, түрлі себептермен жайылым оты мөлшерінің жыл бойы талай өзгеріске түсетіні белгілі.
Бүгінде, жалпы жайылым мен шабындықтардағы өсімдіктердің геоботаникалық құрамы түбірімен өзгерді. Мұндай жағдай жерді мелиорациялауды басқа да агротехникалық шараларды жүргізуді қажет етеді. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіру керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін ауыспалы жайылым, тәсілін ғылыми негізде жүргізген жөн.
Аудан көлеміндегі малдәрігерлік – санитариялық обьектілер туралы мәлімет
№ | Ауылдық округтер | Мал дәрігерлік пунктері | Мал тоғыту орындары | Қолдан ұрықтандыру пунктері | Мал қорымдары | |
жоспарланғаны | салынғаны | |||||
1 | Алмалы ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | |
2 | Бейбарыс ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | |
3 | Сарайшық ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | |
4 | Жалғансай ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | |
5 | Бақсай ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | |
6 | Махамбет ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | 1 |
7 | Ақтоғай ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | |
8 | Алға ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | |
9 | Есбол ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | |
10 | Ақжайық ауылдық округі | 1 | - | - | 1 | |
Барлығы | 10 | - | - | 10 | 1 |
Аудандағы малдәрігерлік пункттер толық малдәрігері мамандарымен толықтырылған, толықтай жабдықталған.(компьютер, тоңазытқыш, қажетті саймандары). Ауылдық округтер бойынша мал жайылымға шығар алдындағы жылма – жылғы жоспарланған эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары, мал дәрігерлік алдын-ала егу, аллергиялық және серологиялық тексеру жұмыстары толық орындалып келеді. Ауыл маңындағы жайылымдарда малдәрігерлік тексерістен өтіп отырады. Кестеде көрсетілген округтерде мал тоғыту орындары белгіленбеген, алдағы уақытта жүргізілетін эпизотиялық шаралар ретінде қараған жөн. Ауылдық округ орталықтарында талапқа сай, биотермиялық шұңқырлар, яғни мал қорымдары бар.
Мал арасында инфекцияның таралуына оларды қалай болса солай күтіп-бағу, шағылыстыруда, төлдетуге, мал денсаулығына бақылаудың жоқтығы, малды біріктіру, топтау ережелерінің бұзылуы тағы басқасына әкеп соғады. Сондықтан, малды күтіп-бағып жайылымды пайдаланудың мал дәрігерлік - санитарлық және зоогигиеналық ережелерін қатаң сақтау қажет. Ауру шыққан жерлерде малдарға вакцинация жасау, дезинфекциялау, дератизациялау жұмыстарын жүргізу тиіс.
Мал және әдейі ауланып жойылған қаңғыбас иттер, мысықтар өлекселері арнайы мал қорымдарына тасталады.
3. Елді мекенді жерлердегі жайылымдарды маусымдық пайдалануды ұйымдастыру
Ауданда 24 елді мекен бар. Олардың барлық жер көлемі 94122 мың гектар, оның 90208 мың гектары жайылым. Ал, осы жайылымды елді мекендердегі жеке қожалықтар малының әр басына тиісті мөлшер бойынша есептегенде өте аз. Мысалы Махамбет ауылында 1071 бас ірі мүйізді қара, 3175 бас қой мен ешкі, 47 бас жылқы, 44 бас түйе малы бар. Осы малдарға тиісті мөлшер бойынша 45345 гектар жайылым оты қажет, ал ауылдың өзінде 4067 гектар, яғни 41278 гектар жайылым жетіспейді. Сондықтан, әрбір отбасындағы қүнделікті қолданыстағы мал басынан басқа малдарды түріне қарай мал дәрігерлік талаптарға сәйкес біріктіріп, босалқы жердегі жайылымға шығарып бағуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Әрине, ауыл тұрғындарының малдарын біріктіріп бағудың барлық қажетті жағдайы, яғни бағатын отбасының немесе бригаданың еңбек ақылары, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері түгелдей шешілуі керек. Бұл қадам, Елбасының тапсырмасына сәйкес, кооперативтерге бірігудің бір қадамы болмақ. Ал шаруа қожалықтарыдың малына жетіспейтін жайылымдар қосымша жалға жер алып, жер көлемін кеңейту жолымен шешіледі ( жалғанды 2 қосымша).
Мысалы, ұсынылып отырған жоспарға сәйкес, Алға ауылдық округі бойынша жетіспейтін 19980 гектар жайылым алқабы округке қарасты шалғайдағы Егіз каналын пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі
Кестеде көрсетілген тәртіп бойынша ауылдық округтерге жетіспетін жайылымдар мәселесін шешу жоспарлануда.
Махамбет ауданы елді мекендеріндегі тұрғындардың малдарын жайылымдар мен қамтамасыз етілуі
№ | Елді мекендер атауы | Мал түрлері | Мал басы | Мөлшерлі жайылым, гектар | Елді мекендер шекарасында ғы жайылым, гектар | Қамтылуы +,- | Жайылым атауы | |
Басына | барлығы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
2 | Махамбет ауылдық округі | - | - | - | 45345 | 4067 | - 41278 | - |
Махамбет ауылы 4126 гектар | Мүйізді ірі қара | 1071 | 15 | 16065 | 3453 | |||
Қой, ешкі | 3175 | 3 | 9525 | |||||
Жылқы | 47 | 21 | 987 | |||||
Түйе | 44 | 24, 5 | 1078 | |||||
Сарытоғай ауылы 731 гектар | Мүйізді ірі қара | 529 | 15 | 7935 | 614 | |||
Қой, ешкі | 2084 | 3 | 6252 | |||||
Жылқы | 119 | 21 | 2499 | |||||
Түйе | 41 | 24, 5 | 1004 | |||||
3 | Алмалы ауылдық округі | - | - | - | 10256 | 912 | -9344 | |
Алмалы ауылы 690 гектар | Мүйізді ірі қара | 298 | 15 | 4470 | 579 | |||
Қой, ешкі | 560 | 3 | 1680 | |||||
Жылқы | 40 | 21 | 840 | |||||
Түйе | 56 | 24, 5 | 1372 | |||||
Береке ауылы 367 гектар | Мүйізді ірі қара | 54 | 15 | 810 | 333 | |||
Қой, ешкі | 142 | 3 | 426 | |||||
Жылқы | 8 | 21 | 168 | |||||
Түйе | 20 | 24 ,5 | 490 | |||||
4 | Бейбарыс ауылдық округі | - | - | 19350, 5 | 2269 | -17081, 5 | ||
Бейбарыс ауылы 1766 гектар | Мүйізді ірі қара | 395 | 15 | 5925 | 1576 | |||
Қой, ешкі | 745 | 3 | 2235 | |||||
Жылқы | 158 | 21 | 3318 | |||||
Түйе | 109 | 24, 5 | 2670, 5 | |||||
Талдыкөл ауылы 644 гектар | Мүйізді ірі қара | 191 | 15 | 2865 | 560 | |||
Қой, ешкі | 218 | 3 | 654 | |||||
Жылқы | 18 | 21 | 378 | |||||
Түйе | - | 24, 5 | - | |||||
Аққайың ауылы 162 гектар | Мүйізді ірі қара | 64 | 15 | 960 | 133 | |||
Қой, ешкі | 115 | 3 | 345 | |||||
Жылқы | - | 21 | - | |||||
Түйе | - | 24, 5 | - | |||||
5 | Сарайшық ауылдық округі | - | - | - | 15183 | 2963 | -12220 | |
Сарайшық ауылы 3159 гектар | Мүйізді ірі қара | 424 | 15 | 6360 | 2963 | |||
Қой, ешкі | 1555 | 3 | 4665 | |||||
Жылқы | 31 | 21 | 651 | |||||
Түйе | - | 24 5 | - | |||||
Ескі Сарайшық | Мүйізді ірі қара | 117 | 15 | 1755 | ||||
Қой, ешкі | 556 | 3 | 1668 | |||||
Жылқы | 4 | 21 | 84 | |||||
Түйе | - | 24 5 | - | |||||
6 | Жалғансай ауылдық округі | - | - | - | 14061 | 1479 | -12582 | |
Жалғансай ауылы 1650 гектар | Мүйізді ірі қара | 489 | 15 | 7335 | 1479 | |||
Қой, ешкі | 1612 | 3 | 4836 | |||||
Жылқы | 90 | 21 | 1890 | |||||
Түйе | - | 24 5 | - | |||||
7 | Бақсай ауылдық округі | Мүйізді ірі қара | - | - | 93355 | 35440 | -57915 | |
Таңдай ауылы 15523 гектар | 1364 | 15 | 20460 | 14979 | ||||
Қой, ешкі | 4902 | 3 | 14706 | |||||
Жылқы | 235 | 21 | 4935 | |||||
Түйе | 274 | 24, 5 | 6713 | |||||
Есмахан 2543 гектар | Мүйізді ірі қара | 377 | 15 | 5655 | 2512 | |||
Қой, ешкі | 2006 | 3 | 6018 | |||||
Жылқы | 193 | 21 | 4053 | |||||
Түйе | 206 | 24, 5 | 5074 | |||||
Көздіқара 6821 гектар | Мүйізді ірі қара | 598 | 15 | 8970 | 6769 | |||
Қой, ешкі | 2167 | 3 | 6501 | |||||
Жылқы | 109 | 21 | 2289 | |||||
Түйе | 127 | 24, 5 | 3111, 5 | |||||
Томан 11257 гектар | Мүйізді ірі қара | 157 | 15 | 2355 | 11180 | |||
Қой, ешкі | 261 | 3 | 264 | |||||
Жылқы | 57 | 21 | 1197 | |||||
Түйе | 43 | 24, 5 | 1053, 5 | |||||
8 | Ақтоғай ауылдық округі | - | - | - | 19035 | 9468 | -9567 | |
Ақтоғай ауылы 7915 гектар | Мүйізді ірі қара | 373 | 15 | 5595 | 7768 | |||
Қой, ешкі | 627 | 3 | 1881 | |||||
Жылқы | 66 | 21 | 1386 | |||||
Түйе | 52 | 24, 5 | 1274 | |||||
Атамбаев 580 гектар | Мүйізді ірі қара | 49 | 15 | 735 | 567 | |||
Қой, ешкі | 299 | 3 | 897 | |||||
Жылқы | - | 21 | - | |||||
Түйе | - | 24, 5 | - | |||||
Кеңөріс 580 гектар | Мүйізді ірі қара | 75 | 15 | 1125 | 567 | |||
Қой, ешкі | 276 | 3 | 828 | |||||
Жылқы | 71 | 21 | 1491 | |||||
Түйе | 9 | 24, 5 | 220, 5 | |||||
Бала Ораз 579 гектар | Мүйізді ірі қара | 47 | 15 | 705 | 566 | |||
Қой, ешкі | 393 | 3 | 1179 | |||||
Жылқы | 48 | 21 | 1008 | |||||
Түйе | 29 | 24 ,5 | 710, 5 | |||||
9 | Алға ауылдық округі | - | - | 23937 | 3957 | -19980 | ||
Алға ауылы 4785 гектар | Мүйізді ірі қара | 744 | 15 | 11160 | 3957 | |||
Қой, ешкі | 2306 | 3 | 6918 | |||||
Жылқы | 202 | 21 | 4242 | |||||
Түйе | 66 | 24, 5 | 1617 | |||||
10 | Есбол ауылдық округі | - | - | 24720 | 19997 | -4723 | ||
Есбол ауылы 7349 гектар | Мүйізді ірі қара | 270 | 15 | 4050 | 7278 | |||
Қой, ешкі | 792 | 3 | 2376 | |||||
Жылқы | 75 | 21 | 1575 | |||||
Түйе | 4 | 24, 5 | 98 | |||||
Ортақшыл ауылы 12272 гектар | Мүйізді ірі қара | 463 | 15 | 6945 | 12087 | |||
Қой, ешкі | 1009 | 3 | 3027 | |||||
Жылқы | 126 | 21 | 2646 | |||||
Түйе | 18 | 24 5 | 441 | |||||
Еңбекшіл ауылы 653 гектар | Мүйізді ірі қара | 117 | 15 | 1755 | 632 | |||
Қой, ешкі | 159 | 3 | 477 | |||||
Жылқы | 26 | 21 | 546 | |||||
Түйе | 32 | 24, 5 | 784 | |||||
11 | Ақжайық ауылдық округі | - | - | 25204 | 9656 | -15548 | ||
Ақжайық ауылы 9961 гектар | Мүйізді ірі қара | 916 | 15 | 13740 | 9656 | |||
Қой, ешкі | 1915 | 3 | 5745 | |||||
Жылқы | 165 | 21 | 3465 | |||||
Түйе | 92 | 24, 5 | 2254 |
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарға қажеттілік жоқ.
4. Шалғайдағы жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында жайылым айналымы схемасын жасақтау
Махамбет ауданының жайылым алқабы қазіргі мал басын толықтай қамтамасыз етеді. Ғылыми дәлелденген тәжірибеде, жемшөптің жылдық балансында жайылымдық мал азығы 60-70 пайыз құрайды. Ауыл маңындағы өрістерді тыныстандырып, демалдыру үшін маусымдық жайылымдарды көшпелі жолмен дәстүрлі пайдаланған жөн. Маусымдап пайдаланылатын далалық жайылымдарға малды, күні бұрын белгіленген учаскелерге бөліп, алмастырып жаю керек. Сондай-ақ, ең бастысы, малдың пайдалы заттарға бай, жеңіл сіңірілетін табиғи жайылымдарға қол жеткізудің амалдарын ғылыми тұрғыдан және заң шеңберінде реттелетін жағдайда қалыптастыру қажет.
Жайылым отын тиімді пайдалану, оны пайдалану мерзімінің түрлі схемасын кезектестіру жолымен жүргізіледі. Жайылым айналымы дегеніміз, табиғи жайылымдарды бір жылдан немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және оның өнімділігін төмендетпей, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Мәселен, біздің облыс жағдайында далалық және құм жайылымдарын пайдалануды мал жаю маусымын 4 жылдық жайылым айналымында кезектестіре отырып ұйымдастыруға болады. 1-ші жылы - көктемде, 2-ші жылы - күзде, қыста, 3-ші жылы- жазда, 4-ші - қыста, көктемде. Осылай жайылымның геоботаникалық, су мен қамтылу жағдайларына қарай пайдаланылады. Бұл үлгі ретінде. Жалпы, жайылым айналымын қолдану және қоршап пайдалану жүйесі, маусым - маусым бойынша кезектестіруге, өсімдіктердің өнімділігін сақтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ауданның шөл және шөлейт жайылымы жағдайында ауыспалы жайылым –шабындық айналымының мынадай да схемаларын ұсынуға болады. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіруді керек қылатын,мықтап тозған жайылымдар үшін үш жылдық ауыспалы жайылым шабындық айналымын пайдалану қолайлы.
1- жылы- шөптер жаппай немесе үстеп егіліп, тынықтырылады;
2- жылы –тынықтырылады немесе шөбі кем(сепкен шөптердің дәні піскеннен кейін) шабылады;
3- жылы - мал жайылады, немесе төрт жылдық айналымда, алдыңғы жылдары жоғарыдағы ретпен қайталанады ;
3- 4 жылдары мал жайылады.
Жайылымдарды түбірлі жақсарту үшін изен, терескен, бидайық, жусан тәрізді аридті дақылдар өсіру ұсынылады. Бұл өсімдіктер ауа және топырақ қуаңшылығын жақсы көтереді, ең қуаң жылдары өз өсуі мен дамуын тоқтата тұрады, ал жауын-шашын болған кезде ылғалды тез пайдаланып, жедел дами бастайды, бұл біздің жалпы барлық аудандардың табиғи жағдайында өте маңызды болады. Мал азықтық өсімдіктерді көбейтудің мол резерві осында.
Осындай ретпен, бес-алты жылдық жайылым айналым жасауға болады және мал жайылатын жердің аумағы, шөптің өніміне, тұрақтылығына, мал басының өсуіне қарай өзгереді.
5. Қорытынды.
Елімізде мал шаруашылығы саласын дамыту бірінші кезекте, жемшөп қорын тұрақты жолға қойып және оны нығайтып отыруға байланысты. Мал азығының негізгі құрамы жайылым оты болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес, ауданда жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жоспарлау, басқару жүйесіне қатысты біршама іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Жайылымдық ресурстарды ұтымды және тұрақты басқару туралы мәселелер бүгінде өзекті. Бұл туралы Елбасы өзінің "Қазақстан-2050" Стратегиясында отандық мал шаруашылығын бұрыннан қалыптасқан тарихи дәстүрлерді және жаңа ғылыми техникалық басқаруды ескере отыра қайта жандандыру керек екенін атап өткен болатын.
Бір сөзбен, осы жоспарда ауданда мал шаруашылығы саласын дамыту үшін табиғи жайылымдарды ұқыпты пайдалануды реттейтін нақты шаралар көзделген. Егер, ауданда жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалану жолға қойылатын болса, мал басын өсіруге одан өндірілетін ет, сүт тағы басқа да өнімдерді арттыруға болады.
Махамбет ауданының жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 1 қосымша |
Махамбет ауданының жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 2 қосымша |
Махамбет ауданының ауылдық округтер маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы