Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 шілдедегі № 40 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 тамызда № 3937 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 84 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 22.12.2017 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 80 ұсынысы негізінде Тұщықұдық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұщықұдық ауылдық округі Айбас елді мекені Айбас көшесіндегі № 61 үйдің ауласына түйелердің арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Исатай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (Б. Төлеген), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Исатай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (С. Ғабитова) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тұщықұдық ауылдық
      округінің әкімі Ш. Неталиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атырау облысы Денсаулық сақтау
      басқармасының "Исатай аудандық
      орталық ауруханасы" шаруашылық
      жүргізу құқығындағы коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорының бас
      дәрігерінің міндетін уақытша
      атқарушы С. Кайрденова

      2017 жылғы "19" шілде

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігінің
      Қоғамдық денсаулық сақтау
      комитеті Атырау облысы Қоғамдық
      денсаулық сақтау департаментінің
      Исатай аудандық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы С. Ғабитова

      2017 жылғы "19" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады