Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 шілдедегі № 40 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 84 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 4027 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысы Исатай ауданы Бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2017 жылғы 31 қазандағы № 123 ұсынысы негізінде Тұщықұдық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 шілдедегі № 40 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3937 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.

      Тұщықұдық ауылдық
округінің әкімі
М.Утегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады