Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 7 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 наурызда № 3799 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысы негізінде Жанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Исатай ауданы, Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылындағы:
      1) № 1 көшеге "Нарын" атауы;
      2) № 2 көшеге "Жаңаталап" атауы;
      3) № 3 көшеге "Қызтуған" атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жанбай ауылдық округінің әкімі Д. Есмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады