Қызылқоға ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда(павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 125 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 3919 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 27.10.2020 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабына және 27 бабына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11148 болып тіркелген) бұйрығының 50-1 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылқоға ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әжіғалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мұқанов
      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрлігінің
Атырау облыстық ішкі істер
департаменті мемлекеттік
мекемесінің Қызылқоға аудандық
ішкі істер бөлімінің бастығы
"___"______2017 жыл
А. Арыстанов
      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Атырау облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Қызылқоға
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
"_____"_______2017 жыл
Г. Әжіғалиева

  Аудан әкімдігінің 2017 жылғы "9" 06 125 қаулысына
  қосымша

Қызылқоға ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындар

Арнайы бөлінген орындар

Бірліктер саны

Автокөлікпен

Сауда шатырынан

1

Миялы ауылы, М.Әуезов көшесі, Туберкулездік диспансердің қарсы беті

2


2

Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі, "Каспий" дүкенінің маңы

2


3

Миялы ауылы, Н.Шәутікенов көшесі, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің солтүстік жағы

3


4

Сағыз ауылы, С.Бейбарыс көшесі, "Хазырет" мешітінің маңы

5


5

Мұқыр ауылы, Б.Аманшин көшесінің бойы

3

0

6

Жангелдин ауылы, Д.Қоспаев көшесі, №20г

2

2

7

Жасқайрат ауылы, Қ.Қарасартова көшесі, №11а

2

2

8

Қоныстану ауылы, Қ.Жағалбаев көшесі, "Сәбитжан" азық-түлік дүкенінің батыс беті

1

1

9

Тасшағыл ауылы, Ж.Жабаев көшесі, №21

2


10

Қаракөл ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №2а

1


11

Қарабау ауылы, Қ.Есенбаев көшесі, №8а

1

1

12

Тайсойған ауылы, Ғ.Сланов көше бойы, мемлекеттік қызметшілерге салынатын екі үйліктің артқы беті

1



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады