Қызылқоға ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 184 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қазанда № 4777 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 215 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 22.11.2023 № 215 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабының 2) және 3) тармақшаларына және 27-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылқоға ауданы аумағында ішкі сауда субьектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 125 "Қызылқоға ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 болып тіркелген, 2017 жылдың 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тұрдағалиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі Н. Бисембиев

  Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қазаны № 184 қаулысына қосымша

Қызылқоға ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Арнайы бөлінген орындар

Орын саны

1

Миялы ауылы, А.Құттыбаева және М.Әуезов көшелерінің қиылысы

5

2

Миялы ауылы, М.Мөңкеұлы көшесіне қарсы бет

5

3

Миялы ауылы, Бәйсеу ықшам ауданы, Ы.Алтынсарин көшесі, Т.Бекешовтың жылыжайына қарсы беттегі ашық алаң

5

4

Сағыз ауылы, С.Бейбарыс көшесі, "Хазырет" мешітінің қасы

5

5

Мұқыр ауылы, Ғ.Есенғалиев көшесі, №12Б учаскесі, алаңы (20х30) 600 ш/м

3

6

Жангелдин ауылы, Д.Асанғалиев көшесі, №22А

3

7

Жангелдин ауылы, М.Лұқпанов көшесі, №2А

5

8

Жасқайрат ауылы, Қ.Қарасартова көшесі, №11А

2

9

Қоныстану ауылы, Қ.Жағалбаев көшесі, "Сәбитжан" азық-түлік дүкенінің батыс беті

1

10

Тасшағыл ауылы, Ж.Жабаев көшесі, №21

3

11

Қаракөл ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №2А

1

12

Қарабау ауылы, Қ.Есенбаев көшесі, №8А

1

13

Тайсойған ауылы, Ғ.Сланов көшесі, №2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады