Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Құрылыс ауылындағы кейбір көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 03 мамырда № 3847 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысына сәйкес Жарсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Индер ауданы, Жарсуат ауылдық округі, Құрылыс ауылындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Н. Азгалиев

  Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "24" сәуірдегі № 4 шешіміне қосымша

Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Құрылыс ауылындағы кейбір көшелерге берілген атаулар

      1. № 1 көшеге – "Ақжайық" атауы;
      2. № 2 көшега – "Жаңа Құрылыс" атауы;
      3. № 3 көшеге – "Қазбек" атауы;
      4. № 4 көшеге – "Мектеп" атауы;
      5. № 5 көшеге – "Хамидолла Тегісбайұлы" есімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады