"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысына сәйкес Бөдене ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданы Бөдене ауылындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөдене ауылдық | |
округінің әкімі | Ж. Гизатов |
Бөдене ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "26" мамыр № 15 шешіміне қосымша |
Бөдене ауылындағы кейбір көшелердің атаулары
1. № 1 көшеге - "Бейбітшілік" атауы;
2. № 2 көшеге - "Абат Далабаев" есімі;
3. № 3 көшеге - "Жеңіс" атауы;
4. № 4 көшеге - "Қазақстан" атауы;
5. № 5 көшеге - "Мұрат Мөңкеұлы" есімі;
6. № 6 көшеге - "Сырым Датұлы" есімі;
7. № 7 көшеге - "Қаден Әбдіров" есімі;
8. № 11 көшеге - "Есенжан Биғазиев" есімі.