Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 93 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырда № 2907 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 31.05.2017 № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің алдын-ала келісіміне сәйкес, аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тухфатовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Умаров

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 93 қаулысына қосымша

Жекешелендірілуге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі

Мүлік атауы

Шығарылған (салынған) жылы

Теңгерім ұстаушысы

1

"Б. Досбаева атындағы № 3 Байшонас орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, жалпы ауданы 1 193,4 шаршы метр

1963

"Мақат аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

2

"Аудандық білім бөлімінің "Балдырған" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты, жалпы ауданы 417,1 шаршы метр

1936

"Мақат аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

УАЗ-39099 автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 929 BN

2007

"Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

УАЗ-390902 автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 072BC

2002

"Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

5

ВАЗ-21053 автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 097AE

1994

"Муса Баймұханов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады