Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 14.09.2022 № 172-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы №146 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2814 тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М. Қуаншалиев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың ХІІІ сессиясының төрағасы |
Н. Хұсайнов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Жүгінісов |
андық мәслихаттың
ХІІІ сессиясының төрғасы Н.Х
сайнов
Аудандық слихат хатшысы үгінісов
Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 157-VI шешіміне 1-қосымша | |
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V шешіміне 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
№ | Атаулы күндер мен мереке күндері | Еселігі |
1 | Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - Чернобыль АЭС) апатты жою күні | Жылына бір рет |
2 | Отан қорғаушы күні | Жылына бір рет |
3 | Жеңіс күні | Жылына бір рет |
4 | Балаларды қорғау күні | Жылына бір рет |
5 | Мүгедектер күні | Жылына бір рет |
Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 157-VI шешіміне 2-қосымша | |
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V шешіміне 2-қосымша |
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері
№ | Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары | Атаулы күндер мен мереке күндері | Әлеуметтік көмектің мөлшері, теңге |
1 |
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; | Жеңіс күні | 100 000 |
2 |
1) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер. |
Отан қорғаушы | 100 000 |
3 |
1) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы бұдан әрі - Чернобыль АЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар; | Чернобыль АЭС–дағы апатты жою күні | 100 000 |
4 | Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері | Мүгедектер күні | 20 000 |
5 | Мүгедектік тобы белгіленген тұлғаларды қоспағанда, бала мүгедегі | Балаларды қорғау күні | 20 000 |