"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде Жаңаталап ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаталап ауылдық округінің Хиуаз, Үлкен Күйген, Шағырлы, Жасарал ауылындағы көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | О. Тажбаев |
Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "02" мамырдағы № 21 шешіміне қосымша |
1. Хиуаз ауылындағы:
1) № 1 көшеге – "Мақсот Сәрсенов" есімі;
2) № 2 көшеге – "Ораз Сәрсенов" есімі;
3) № 3 көшеге – "Шаку Сәтеков" есімі;
4) № 4 көшеге – "Егемен Қазақстан" атауы;
5) № 5 көшеге – "Өтежан Рысбаев" есімі;
6) № 6 көшеге – "Мақаш әкім" есімі;
7) № 7 көшеге – "Исатай" есімі;
8) № 8 көшеге – "Мардан Тәжібаев" есімі;
9) № 9 көшеге – "Сайып Рысқалиев" есімі;
10) № 10 көшеге – "Айдынғали Мәлиев" есімі;
11) № 11 көшеге – "Бейбітшілік" атауы;
12) № 12 көшеге – " Құрманғазы" есімі;
13) № 13 көшеге – "Дина Нұрпейісова" есімі;
14) № 14 көшеге – "Жұмекен Нәжімеденов" есімі;
15) № 15 көшеге – "Садих Сәрсенғалиев" есімі;
16) № 16 көшеге – "Нәси Нұрқанаева" есімі;
17) № 17 көшеге – "Жастар" атауы;
18) № 18 көшеге – "Белжайлау" атауы;
19) № 19 көшеге – "Тұлпар" атауы;
20) № 20 көшеге – "Кеңшағыл" атауы.
2. Үлкен Күйген ауылындағы:
№ 1 көшеге – "Атамұра" атауы.
3. Шағырлы ауылындағы:
№ 1 көшеге – "Ақжол" атауы.
4. Жасарал ауылындағы:
№ 1 көшеге – "Өріс" атауы.