Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы Шұбар және Шұбарсу ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бiрлескен Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 21 сәуiрдегi № 102 қаулысы және Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 11/116-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 17 мамырда № 4107 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы аудандының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Шұбар ауылдық округінен жалпы көлемі 245,0 гектар жер бөлігінің қосылуы жолымен Шұбар және Шұбарсу ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы С.Қуашбай
      Облыстық мәслихат
      хатшысы Қ.Балабиев
      Д.Сатыбалды
      Ә.Тұрғымбеков
      Ж.Бөкенбаев
      Б.Жамалов
      Е.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.Сәбитов
      К.Н.Мендебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады